Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ Средняя школа имени Антона Семеновича Макаренько отдела образования Шуского района управления образования Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Семинар барысында ұйымдастырылған іс-шаралардаматематика,физика және информатика  сабақтарында  функционалдық сауаттылықты дамытудың түрлі әдіс-тәсілдері мен заманауи инновациялық білім беру технологияларымен жұмыстар жасалды.

    Атап айтатын болсам, Бастауыш сынып мұғалімі С.А.Қолдасбекова психологиялық тренинг өткізсе, информатика пәнінің мұғалімі А.С.Джолымбекова «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында баяндамасын ұсынды.

    Математика пәні мұғалімі Г.К.Раканова 11 сыныптарда «Иррационал теңдеулерді шешу» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ қызықты, тартымды өтті. Сабақта Quizizz.com,ZipGrаde,wordwall.netзаманауи платформалар мен «Миға шабуыл»,«Жұмыс дәптері» әдістерін қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыра білді. Оқушылар әр тапсырмаға қойылған дескрипторлар арқылы «Ашық журнал» әдісімен бағаланды,ал оқушылар сабаққа кері байланысты  iPhone әдісімен жасады.

    Информатика пәнінің мұғалімі Д.Т. Абдраимова  «3D редактор құралдары» тақырыбында      6 «А» сыныбында ашық сабақ берді.  Сабақты  «Тірілген суреттер» ойыны арқылы оқушылардың қызығушылығын оята отырып, назарларын сабаққа аудару арқылы бастады.Classroomscreen.com,wordwall.net,youtu.be,www.liveworksheets.com, view.genially.com ЖИ платформалары мен қатар «ой қозғау», «whatsapp» әдістерін тиімді пайдаланды Әр тапсырма бойынша оқушыларға кері байланыс беріліп отырды

    Бірлестіктің жас мамандары Ертаева Жанерке,Кәсілін Ақмарал,Джадраева Айгерім 10-11 сыныптар арасында «Қызық екен...»интеллектуалдық шоу өткізді.Сыныптан тыс іс-шарада жан-жақты қызықты  сұрақтар мен ЖИ платформаларын тиімді пайдаланылған.

    Физика пәнінің мұғалімі К.А.Тлеубердиева  «Сабақтарға SMART мақсат қою» тақырыбында шебер сынып өткізді. Мұғалімдерге SMART мақсатты дұрыс таңдау тәсілдері тапсырмалар арқылы көрсетіліп,заманау SMART технологияларда таныстырылып, олармен жұмыс жасау тиімділіктері көрсетіліп, айтылды.

     Математика пәні мұғалімі Ж.Ж.Ертаева «Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу» тақырыбында ашық сабағын өтті.   Сабақта «AQYL QUIZ» , «Таза тақта», «Шам шырағы», «Бауырсақ» әдістерін тиімді пайдаланды. «Genially» платформасының   «Боулинг»әдісі арқылы  сабақты бекітті.Сабақ соңында кері байланыс орнатылып, «Мегами» рефлексия жасалды. Оқушыларды «Бағалау парағы» әдісімен бағалады

    А.С.Джолымбекова  «Создание формулы для вычислений в электронной таблице» тақырыбында      7 «Б» сыныбында ашық сабақ берді.  Сабақты   видеоролик көрсетіп жетеулеуші сұрақтар қоя отырып бастады. https://learningapps.org/ арқылы үй тапсырмасын сұрады. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырып, youtu.be каналы арқылы видеоролик көрсетті. Практикалық тапсырма орындау алдындында қауіпсіздік ережесін қайталап өтті.Контекс тапсырма орындады.Тапсырмалар дескриптор арқылы бағаланып отырды.Бағалау диаграммасы бойынша бағаланып,»білім шыңы» әдісімен рефлексия жасалды.

    Физика пәні мұғалімі К.А.Тлеубердиева  8 «Б» сыныбында «Закон сохранения электрического заряда,взаимодействие неподвижных зарядов,закон Кулона» тақырыбында ашық сабақ өтті.  Психологиялық ахуал туғызы отырып, «Мишень» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрады.Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылып,ЖИ платформалары «D-ID», https://learningapps.org/ арқылы түсіндірілді.Жұптық жұмыс «Карточкамен жұмыс»,топтық жұмыс https://learningapps.org/  жасалды. Функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатынды PISA  тапсырмасы орындалды.Үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырма берілді. «Заряд знаний» әдісі арқылы дескрипторлар бойынша жиналған бағаларын қойылып,бағаланды. кері байланыс алынды.

    Жас маман А.Е.Джадраева «Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу» тақырыбында ашық сабақ берді. view.genially.com  платформасы арқылы жағымды ахуал туғыза отырып,үй тапсырмасын сұрады.Жаңа тақырыпты презентация арқылы түсіндірілді.  Топтық жұмыс «Бірге ойлаймыз» әдісі,жұптық жұмыс «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі, wordwall.net платформасымен тапсырма орындады.Сабақты сұрақ-жауапарқылы бекітті. www.menti.comплатформасы арқылы рефлексия жасалды.Бағалау ауызша жүргізілді.

    Жас маманА.Б.Кәсілін «Решение квадратных уравнений» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақты жақсы көңіл-күй туғыза отырып,өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап бойынша тесерілді.Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылып, түсіндірілді.Жұптық тапсырма «Кестені толтыр» әдісі , «Семантикалық карта» әдісі, жеке жұмыс, «Спинер» әдісі бойынша «Жуан және жіңішке сұрақтар» берілді. «Телефон және whatsapp»әдісі арқылы рефлексия жасалып, «Нысана» әдісі арқылы бағаланды.

    11.12.2024ж

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия