18 қазан 2024 жылы Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған «Жүрекке жан жылуы » атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Бүгінгі қайырымдылық іс-шараның мақсаты - балаларға бақыт пен шаттық сыйлап, қоғамда өз орындарын табуға көмек беру. Қайырымдылық іс-шараға ерекше білімді қажет ететін балалар және олардың ата-аналары шақырылды. Балалар сазды бағдарламаға және спорттық шараға белсенді қатысты. Балаларға сыйлықтар және тәттілер табысталды. Қайырымдылық акциясының ұйымдастырылуына ат салысқан жеке кәсіпкерлерге мектеп әкімшілігі үлкен алғысын білдіреді.