Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар беру маманы К.Курамаева "Еңбегі адал-жас өрен " жоба аясында білім алушыларды еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықты дәріптеу мақсатында Шу қаласында орналасқан Құрманғазы атындағы балалар саз мектебіне 7-10 сынып оқушыларымен экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында саз мектебінің домбыра аспабының мұғалімі Умарбекова Гүлназ Умерзаковна оқушыларға саз мектебі 1974 ж. ашылғаны туралы ақпарат бере отырып, мектептің тарихымен таныстырды. Саз мектебінде оқушыларға домбыра, сольфеджио, вокал, фортепьяно үйірмелерінен сабақ жүргізілетіні және күйлердің шығу тарихын, домбыраның құрылымы, шығу тарихы туралы мәлімет беріліп, домбыра үйірме жетекшісі: Сердіғали Нұржан Арманұлы Жошы ханның "Аңсақ құлан" күйін нақышына келтіріп, домбырамен орындап берді.