Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде біртұтас тәрбие "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында қазақтың ұлттық қол өнер шебері Жақсыбаев Бауыржан Қайратұлымен 7-9 сынып оқушылар арасында мектеп акт залында кездесу ұйымдастырылды. Қол өнер шебері Бауыржан Қайратұлы өз қолынан жасаған қазақтың құнды дүниелері, соның ішінде қобыз, домбыра, бесік, тақтайша түрлерін көрсетіп, неден жасалғанын, қалай жасағанын оқушыларға көрсетіп, түсіндірді. Оқушылар қол өнер шеберінің бұйымдарын көріп, тамашалады. Қол өнер шебері Б. Жақсыбаев оқушыларды қол өнермен айналысуға шақырды. Кездесу соңында Б. Жақсыбаев өз қолымен жасаған домбырасымен "Ерке сылқым" күйін орындап берді.
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына еңбекқорлықтың арқасында жетістікке жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.