Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ Средняя школа имени Антона Семеновича Макаренько отдела образования Шуского района управления образования Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Шу ауданының А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде Г.Арипова мен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен мектеп психологінің ұйымдастыруымен 7-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлық-ғасыр дерті»  тақырыбында Шу қалалық емханасының дәрігер-наркологі Тойшыбекова Гүлназ Маратовна мен Бегимбаева Айнаш Койгелдиевнамен  кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жоғарыда аталған мамандар есірткінің түрлері мен оны пайдаланудың салдарын түсіндіріп ,тақырып аясында арнайы дайындап келген бейнематериалдарын ұсынды. Оқушылар маман иелеріне тақырып аясында туындаған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып отырды. Дәрігер-нарколог Г.Тойшыбекова оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарына Шу қалалық емханасына келіп кеңес алуға болатынын, берілген кеңес жасырын түрінде жүргізілетінін айтып, жұмыс кестесін ұсынды. Кездесу барысында мектеп психологі жастар арасында күйзелісті жеңу үшін шатырға шығып ,айналадағы көріністі бақылау жағдайлары жиі орын алатынын айтып, бірақ мұндай жағдайлар күйзелісті жеңбейтінін, қайта адам өміріне қауіпті екенін және адамның психологиялық күйзеліске ұшырауының тағы бір фактісі- ғаламтордағы орынсыз контенттерге кіру екенін айтты. Іс-шарада мектеп медбикесі оқушыларға дәрілік препараттарды тек дәрігердің нұсқауымен жауапты қолдану керектігін, кез келген дәріні өз бетінше қолдануға болмайтыны туралы ақпарат ұсынса, кәмелетке жасы толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушылардың денсаулығына зиян келетін заттардың тізбесін ұсынып, қазіргі таңда оқушыларға оңай қолжетімді насвай мен вейптің зияны туралы,оларды өзара пайдалану және бір-біріне ұсыну іс-әрекетіне заң тұрғысынан тосқауыл қойылғанын, жоғарыда аталған зиянды заттарды пайдаланған, ұсынған азаматтар заң алдында жауап беретін түсіндіріп,тақырып аясында бейнематериал ұсынды .Іс-шараның мақсаты: Кәмелетке жасы толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру . Түрлі жағдайда психологиялық күзеліске берілмеу.

    11.03.2025ж.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия