Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    1 сынып оқушыларымен "Жол ережесін біліп жүр,балақай" тақырыбында практикалық сабақ

    4.10.2024ж.

    Шу АПБ-нің ЖПҚБ-нің ЮПТ  полиция аға лейтенанты Құсайнов Мақсат Мусабекович  А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушыларымен «Қауіпсіз қоғам» алдын алу шарасы негізінде «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында практикалық сабақ жүргізді.

    ✍️ Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды ✍️ Главой государства подписаны законы, направленные на обеспечение защиты прав женщин и безопасности детей.Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді: ✔️денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды; ✔️неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған; ✔️отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беругеміндетті болады; ✔️тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді; ✔️өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтірудінасихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді; ✔️16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды; ✔️кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді; ✔️білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті; ✔️16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды. Вводятся нормы, ужесточающие ответственность за любые проявления насилия в отношении женщин и детей, а также призванные укрепить институт семьи, безопасность несовершеннолетних: ✔️криминализированы умышленное причинение легкого вреда здоровью и побои. Ужесточена ответственность за умышленное причинение средней тяжести и тяжкого вреда здоровью; ✔️предусмотрены новые принципы брачно-семейного законодательства, основанные на укреплении института брака и семьи, отцовства, материнства и детства, а также принцип обеспечения нравственного и духовного воспитания детей в духе уважения к общечеловеческим, национальным, традиционным, культурным и семейным ценностям; ✔️созданы правовые основы функционирования контакт-центра по вопросам семьи, защиты прав женщин и детей, в роли которого будет выступать юридическое лицо, определяемое уполномоченным органом в сфере информатизации. При этом введена обязанность госорганов не только взаимодействовать по вопросам семьи, защиты прав женщин и детей, но и предоставлять в контакт-центр информацию о принятых мерах по итогам рассмотрения обращений граждан; ✔️законодательно закреплены вопросы создания и функционирования центров поддержки семьи для оказания специальных социальных услуг потерпевшим от бытового насилия; ✔️введена уголовная ответственность за склонение и содействие в совершении самоубийства, а также за пропаганду самоубийства; ✔️введена уголовная ответственность за приставание сексуального характера к лицам, не достигшим 16-летнего возраста. Существенно ужесточены наказания за похищение и незаконное лишение свободы несовершеннолетнего; ✔️впервые введена административная ответственность за травлю (буллинг, кибербуллинг) несовершеннолетнего; ✔️установлена обязанность организаций образования незамедлительно сообщать правоохранительным органам о совершении несовершеннолетними или в отношении них противоправных деяний; ✔️в целях обеспечения безопасности детей до 16 лет введен запрет на их принудительную высадку из общественного транспорта при отсутствии у них оплаты за проезд.

    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде қамқоршылық кеңесінің жоспарына сәйкес “Игі істер”акциясы аясында қамқоршылық кеңесінің 3-ші отырысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1.Аз қамтылған отбасындағы балалар мен қорғаншылықта және қамқоршылықтағы балаларға және интернет тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсету. 2.Жетім,жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу,акт жасау. 3."Наурыз" мерекесіне орай ардагерлерді мерекелік іс-шараларға қатыстыру 4.Мектеп инспекторының есебін тыңдау.Қамқоршылық кеңесінің орынбасары Асылбеков Бақыт Болатович күн тәртібіндегі мәселелермен танысып,баяндамашыларға сөз берді.Отырыс соңында тыңдалған мәселелер бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшелері бір ауыздан шешім қабылдап,хаттама жазылды. #Қамқоршылық_кеңес

    2.05.2024

    Возможно, это изображение 8 человек, люди учатся и текст



    Возможно, это изображение 6 человек, люди учатся и текст

    «ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ !!! А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде оқушылардың судағы кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп оқушыларына, ата-аналарға , судағы қауіпсіздік ережелері бойынша видео нұсқаулықтар беріліп, жаднамалар таратылды. Әрбір сыныптың ата - аналар чаттарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, суға шомылу ережелері жіберілді. Суға шомылудың қауіпсіздік шаралары: -Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алу; -Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жаға жайларда шомылу; -Суға түскенде бір біріңізді көзден таса етпеу; -Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпау; -Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін; -Суға шомылуға тек ата -анаңмен, саған қамқор болатын үлкен кісілермен барған жөн ; т.б Оқушыларға және ата - аналарға қатаң түрде ескерту жасалынды. Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау #судағықауіпсіздік #білімбөлімі #қауіпсіздіктіқамтамасызету

    16.05.2024

    А.С.Макаренко атындағы орта мектеп жанындағы интернатының тәрбиеленушілерімен Шу ст.ЖПБ ӘПБ инспекторы полиция лейтенаты А.Мырзан «Құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбында жедел профилактикалық жұмыстарын жүргізді.Түсіндірме жұмыс барысында оқушыларға өмір қауіпсіздігін сақтау керектігі туралы, әлімжеттік, бопсалау туралы, есірткі заттарын қолданбау керектігін,бөтен біреудің мүлкін ұрлау,қорқытып алғаны үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын түсіндіріп өтті. Мақсаты:Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету ,заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу.Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа , құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. #Құқықбұзушылықтыалдыналу #Шуауданыбілімбөлімі

    17.05.2024
    Возможно, это изображение 1 человек и текст



     

    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде балаларды зорлық -зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен саламаттылығын , қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 7-тармағына сәйкес, Шу қалалық емханасының СӨС кабинетінің мамандары Е.Оспанова 7-10 сынып оқушыларымен "Салауатты жастар -салауатты болашақ"тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндірме жұмысы барысында СӨС кабинетінің психологі психологиялық жағымды ахуал туғызу мақсатында тренинг жүргізсе, Е.Оспанова оқушылардың денсаулығына зиян келетін заттардың тізбесін ұсынып, қазіргі таңда оқушыларға оңай қолжетімді насвай мен вейптің зияны туралы түсіндіріп,тақырып аясында бейнематериал ұсынды . Мектеп медбикесі жалпы тазалық гигиенасы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Іс-шараның мақсаты: Кәмелетке жасы толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру . #Шубілімбөлімі #Қауіпсіздіктіқамтамасызету #Балақұқығынқорғаукомитеті #Ауданаралықесірткігеқарсыбөлімі #Салауаттыөмірсалтынқалыптастыру

    16.04.2024ж.
    Возможно, это изображение 12 человек, люди учатся и текст «No 0 N drugs!!!»
    Возможно, это изображение 13 человек, люди учатся и текст

    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 7-10 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Президент әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Заңға қол қойғанын айтып,Заңға енгізілген балаларға қатысты өзгерістер мен толықтыруларға жеке-жеке тоқталып, толықтай түсіндіріп өтті. Атап айтатын болсам, ✅алғаш рет кәмелетке толмаған баланы жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. БҰЛ ӘРЕКЕТ ҮШІН ЕСКЕРТУ НЕМЕСЕ 10 AEK МӨЛШЕРІНДЕ АЙЫППҰЛ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН. Кәмелетке толмағанды жәбірлеу әрекеті қайталанса 30 ΑΕΚ (110 760 теңге) айыппұл салынады, ал егер бұл әрекетті 12 ЖАСТАН 16 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ кәмелетке толмағандар жасаса ескерту жасалады немесе ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 10 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ!!! ✔️ 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды. ✔️ азаматтарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстардың көптеген түрлері үшін жазаны қатаңдатуға қатысты нормалардан басқа, Заңда балалар ортасында бірқатар алдын алу шаралары қарастырылған. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды; ✔️тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді; ✔️өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді; ✔️16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды; ✔️білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті. Баяндамашы Р.Исмаилова түсіндірме жұмысы соңында оқушыларға жоғарыда аталған Заңдарды біліп жүру керек екенін , Заңды біліп қана коймай, бағыну керектігін айтты.

    22.04.2024ж.
    Возможно, это изображение 9 человек, люди учатся и текст

    Возможно, это изображение 11 человек, люди учатся и текст



    🔰Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 6-10 сынып оқушыларымен Шу АПБ қызметкерлері "Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі", "Буллингтің алдын алу"тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 📌Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін дамыту, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Түсіндірме жұмысы барысында барысында оқушыларға денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, әлімжеттік, бопсалау, ауырлатылған бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату, мүлікті ұрлау немесе қорқытып алғаны үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы түсіндірілді. #Құқықбұзушылықтыалдыналу #Қауіпсіздіктіқамтамасызету #Шуауданыбілімбөлімі

    2.05.2024ж.
    Возможно, это изображение текст
    Возможно, это изображение 13 человек, люди учатся и текст

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия