"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" дегендей, оқушыларға қазақ тілі туралы мәлімет беру, шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларды ана тілін сүйіп ұлттық құндылықтарға дәріптеу мақсатында 3-28 ақпан аралығында жоспарланған "Ұлттық құндылық - ұлт қуаты" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері "Ата толғау" күйімен ашты. Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді 5 "Ә" сынып оқушылары "Байғазы", 5 "Ә" сынып оқушылары "Байғазы", 6 "А" сынып оқушылары "Бата беру", 6 "Ә" сынып оқушылары "Ерулік-Қарулық", 7 "А" сынып оқушылары "Тасаттық", 7 "Ә" сынып оқушылары "Қазан шегелеу", "Беташар" атты сахналық қойылымдар қойылды.





06.02.2025 жылы мектеп кітапханашысы Исатаева Бақыт "Білімнің бас құралы - кітап" атты көрме ұйымдастырды. Кітап оқу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып дүниетанымын кеңейтіндігін түсіндірді.

07.02.2025 жылы Нуридинова Шынар Нурманбетовна М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" атты ашық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романындағы үзінділерді тапсырмалар орындау барысында орынды қолдану, үзінділерді қайтиа өзгертіп, өз пікірін жазу, шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. Сабақты бастамас бұрын мақал мәтелдер арқылы топқа бөлінді. Сабақта "Қоржындағы сұрақ", "Тұжырым кестесі", "Менің пікірім", "Ойды аяқтау" әдістерін қолданды. "Домбыра" бағалау әдісі арқылы оқушылардың білімі бағаланды. Сабақ жоғары деңгейде өтті.


07.02.2025 жылы Мусралиева Айзада Ербосынқызы 6-сыныппен "Олимпиада - спорт шыны" тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтап түсіндіру. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құрып, етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және тілдесім барысында қолданады.
Өткен сабақты "Genially" платформасы арқылы, сұрақ-жауап әдісімен қайталады. Сабақта "Жұмыртқа аршу", "Пазл", "Қолшатыр" әдістерін тиімді пайдаланды. "Планшет" әдісі арқылы оқушылар жеке өздерін, өзара бағаланды. Әр тапсырмадан кейін кері байланыс алында. Сабақ кезеңдерінің жүйелілігі сақталды.


11.02.2025 жылы, 2-11 сынып аралығында оқушылар "Ақын-жыраулардың тәлім-тәрбиелік ойлары" тақырыбында бейнебаян түсірді.


12.02.2025 жылы Күшікбаева Әселім Қамбарөызы 5-сыныппен "Бала Абай" Сан есім тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты Абай Құнанбаевтың өмірі туралы сұрақтарға жауап беріп, дара, күрделі сан есімдерді ажырата білу. Оқыған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріп, сан есімдер қатысқан мақал-мәтелдер жаңылтпаштар, жұмбақтардың шешуін тауып жазады. Сабақта "Супер Құрт", "Қамшы сабау", "WORDWOLL", "Шынжыр", "Таза тақта" әдістерін қолданды. "От шашу" әдісі мен оқушыларды бағалады.


12.02.2025 жылы Арғымбаева Анар Жаханқызы 8 - сыныппен "Ұшқан ұя" повесі тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүддемен байланыстыра отырып түсіну. Сабақта "Bamboozle" әдісі Кузлет платформасы қолданды. Креативті ойлар мен тұжырымдар жасады. Оқушылар "Қошеметтеу" әдісі арқылы бағаланды.


14.02.2025 жылы "Тілге құрмет-елге құрмет" эссе жазу байқауы 5-11 сынып арасында өтті. Оқушыларға қазақ тілін қадірлеу, тілдің ел бірлігін сақтау, мәдениетті дамыту және ұлттың болашағына әсер етуі туралы ойларын жазды.

13.02.2025 жылы Жиреншеева Аяулым Сембекқызы 2 "В" сыныбымен "Қызыл кітапқа енген гүлдер" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Қызыл кітапқа енген гүлдер туралы оқиды. Кестеге маңызды мәліметтерді таңдап жазуды үйренеді. Сан есімнің түрлерін ажырата білу. Сабақта Жиреншеева Аяулым Сембекқызының қойған сұрақтарына оқушылар түсініп, дұрыс жауап берді. Мұғалім сабақта оқутудың тиімді әдістерін түрлі ойын элементтерін және тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер қолдана отырып, оқушылардың сабаққа белсенділігін артттыра білді. Сабақ барысында, "Бауырсақ", "Лимонад" әдістерін қолданды.

14.02.2025 жылы "Оқушыларды жылдам оқуға баулудың тиімді тәсілін қолдану" шебер сыныпты Диханбаева Индира мен Баетова Маржан шебер сыныпта жылдам оқудың маңыздылығы туралы қысқаша түсінік берді. Көрі аймағын кеңейту әдісін көрсетті. Қандай қиындықтар болғанын және оларды қалай женіге анықтады.


15.02.2025 жылы Баетова Маржан Ерікқұлқызы 5 "А" сыныбымен "Менің атым Қожа" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Әдеби шығарманың жанрына сай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. Сабақ барысында "Зымыран сұрақтар", "Галереяға саяхат", "Салыстыру аймағы" әдістері қолданды. Композициялық талдау жасалды. "WORDWOLL" платформасы арқылы сабақты бекітті. Әр тапсырмадан соң, кері байланыс жасалынып, қалыптастырушы бағалауымен бағаланды.




17.02.2025 жылы "Қазақ тілі болашақтың тілі" 3-10 (орыс) сыныптары аралығында репортаж өтті. Бұл репортажда оқушылар қазақ тілінің маңыздылығын, оның болашақтағы рөлін және қазіргі заман талаптарына сәйкес қалай дамып жатқанын айтты.


19.02.2025 жылы "Менің ой әлемінді қалыптастырған ақын-жазушы" мұғалімдер арасында челлендж өтті.




28.02.2025 "Ақпанда туған алыптар" атты әдеби-сазды кешімен, қазақ тілі мен әдебиеті айлығының жабылуы өтті. Кеште әдеби патшалығының ғажайып ханздалары һәм бірегей сардарлары ретінде салтанат құрған: Жамбыл Жабаев, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Шаханов, Мұқағали Мақатаевтың құдіретті жүректен шыққан туындыларын оқи отырып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің белсене қатысқан оқушылар мақтау қағазымен мараппаталды.


https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710857245140327/files/%D0%86%D1%81-%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80/%D0%90%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%202025/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%20%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%20%D0%BC%D0%B5%D0%BD%20%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96%20%D0%BF%D3%99%D0%BD%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3%20%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BA%20%D0%B1%D1%96%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%81%D1%82%D1%96%D0%B3%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3%20%D0%BF%D3%99%D0%BD%20%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B/scaned_document-10-53-10.pdf?_t=1745819705