Мектеп мәзірі
Директордың құықықтың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологі мен мектеп медбикесі бірлесе отырып, 7-11 сынып оқушылары арасында «Алкогольді қолданудан бастарту» тақырыбында 6 қараша күні іс-шара жүргізді.
Іс-шараның мақсаты:Темекі тарту, алкоголь, есірткі және уытты заттардың адам ағзасына зиянды екенін түсіндіру .
Іс-шара барысында ДҚТІЖО Р.Исмаилова зиянды заттар туралы жалпылама түсінік беріп өтсе, мектеп психологі Ж.Спатаева оқушылармен байланыс орнату мақсатында тақырып аясында сұрақтар қойып, сұрақтарға өз деңгейінде жауаптар алып отырды. Мектеп медбикесі Г.Арипова оқушыларға темкінің , ішімдіктің зиянны туралы қосымша ақпарат беріп, ойларымен бөлісуін сұрады. Іс-шара соңында тәрбие сағаты барысында алған пайдалы ақпараттарын постерге жазып, қорғауға болатынын айтты. Оқушылар постерге қажетті суреттерді қолданып, сурет те сөйлейді ұстанымымен постерді қорғады.
Мектебімізде «АБАЙЛАҢЫЗ,БАЛАЛАР!» айлығының жұмыс жоспары жоспары құрылып, бекітілді. Айлық жоспары барысында жолда жүру туралы 1-8 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілдсе, «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. «Жол ережесін жатқа біл» тақырыбында 1-4 оқушыларға Жас полиция сақшылары жадынама таратып,жол ережесін бұзбауға шақырды және айлық аясында «Жол патруль полиция қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Атқарылған іс-шара әлеуметтік желіге жарияланды бойынша көруге болады.
Мектепте «Бала құқығы –адам құқығы» науқаны аясында іс-шаралар жоспары бекітіліп ,жоспар аясында жұмыстар жүргізілуде.Атап айтатын болсам, 12 қараша күні Құқытық сана-қауымға пана» жобасы мен «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасына аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ заңгер маманы Мұраталықыз Айдана «Мен және менің құқығым» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында баяндамашы баланың құқығымен таныстырып, бала құқығымен қатар міндеті де бар екенін түсіндіріп,құқық бұзушылық жасамауға,16 жасқа толған кәмелетке жасы толғандар қылмыстық жауапкершілікке тартыланынын да тілге тиек етті. Іс-шара соңында «Бала құқығы мен міндеті» тақырыбында ЖАДЫНАМА үлестірді.
Аталған іс-шараға түрлі тізімде тұрған оқушылар да қатыстырылды.
Шу АББ-нің бұйрығы негізінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру туралы мектепішілік кезекшілік кестесі жасалып, бекітілді. / бұйрық тіркелген/ Рейд барысында кеңес мүшелері және басқа да мектеп қызметкерлері мен Шу АІІБ полиция қызметкері ,мектеп инспекторы М.Құсайновпен бірлесе отырып ,әр аптаның бейсенбі күндері күндіз сағат 11:00-14:00-ге дейін орталық базарында, темір жол бекетінде, ойын сауық орталықтарында сабақтан жалтарған оқушыларды анықтау мақсатында рейд жүргізсе, түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген балаларды анықтау мақсатында түнгі сағат 22:00-00:00 аралығында ойын –сауық орталықтары мен қала көшелері, темір жол бекетіне мектеп қызметкерлері мен мектеп инспекторы рейд жұмысын жүргізді. Рейд барысында сабақтан жалтарған және түнгі уақытта ата-анасынсыз жүрген оқушылар 9 сынып оқушы Б.Тойшыбек пен 7 сынып оқушысы Н.Аюб «Питак» компъютер клубында анықталды. Аталған оқушылармен мектеп инспекторы мен «Құқық бұзушылықты алдын алу» кеңесінің мүшелері түсіндірме жұмысын жүргізіп, ата-аналарына ескерту хаттамасын толтырды.
Мектеп ауласында бөгде адамдардың болуы орын алған жоқ.
А.С.Макаренко атындағы орта мекетбі бойынша ҚР Үкіметінің 31 .08.2023ж. № 748 қаулысы Балаларды зорлық– зомбылықтан қорғауа ,суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына және «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасына сәйкес, Шу аудандық сотының ғимаратында Шу аудандық сотының судьясы Ж. М. Тажибаева мен сот әкімшісінің басшысы А.Ш. Мырзакулов мектептің 8-11 сынып оқушыларымен / Жас полиция көмекшілері мен түрлі есепте тұрған оқушылар/ «Қылмыстық істің жауапкершілігі» мен «Судья-сөйлейтін заң ал заң-сөйлемейтін судья» тақырыбында түсіндірме жұмысан жүргізді.
Ағымдағы жылдың 19-20 қараша аралығында «бала құқығы -адам құқығы» науқаны аясында өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға көмек көрсететін, оның ішінде адамгершілік-жыныстық тәрбие мәселелері бойынша кеңес беретін қызметтер мен ұйымдардың тізбесін, байланысу деректерін көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында 5-11 сынып оқушыларының күнделіктеріне арнайы байланыс телефондары жазылды және мектептің дәлізіне де ақпараттық бұрышқа төмендегідей орналастырылды.
101- Төтенше жағдайлар қызметі
102- Полиция
103- Жедел жәрдем
3-00-46, 8702029671-Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының әлеуметтік көмек көрсету орталығы
109- Жедел әрекет ету орталығы
«111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары тәулік бойы хабарласуға болады
-арнайы мектептің АЖ« Коmek Stop Bullying» мектеп дәлізіне де орналастырылды.
Жоғарыда аталған телефон желісі тәулік бойы жұмыс істейтіні, нөмірге қоңырау шалу қалалық телефондар үшін де, ұялы телефон пайдаланушыларына да тегін екені айтылды. Аталған телефондар азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік беретіні айтылдыАнтон Семенович Макаренко атындағы орта мектеп бойынша «Бала құқығы -адам құқығы» науқаны және «Оқуға құштар» жоба аясында мектеп кітапханашысы Б.Исатаеваның қатысуымен «Мен және менің құқығым» тақырыбында мектеп оқушыларына көрме өтті.Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасалды,дәйек сөздер қойылды. Көрмеге мектебіміздің 8 -сыныптар қатысты.
Мақсаты: Оқушының міндеттері мен құқықтары туралы білу өз міндеттері мен құқықтарын біліуге үйрену .Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де іздемпаз ұрпақ болу19.10-15.11.2024ж. аралығында А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 7-9 сынып оқушылары арасында «Бала құқығы-адам құқығы» айлығы аясында «Бала құқығын білемін» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Баялбекова оқушылардың суреттеріне баға беріп, 1-орынды 8 сынып оқушысы Рахимова Айару иеленсе,2-орынды Рашидова Медина ,3-орынды Доғдырбай Інжу иеленді .
Іс-шараның мақсаты: Сурет арқылы құқықтық білімдерін кеңейту.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша 19 қараша –Шылымқорлықтан бас тартудың халықаралық күніне орай «Жастар қалауы -Спорт» тақырыбында ұйымдастырлған спорттық жарыстың анықтамасы
Шу ауданы білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Нұридинов пен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилова 19 қараша- Шылымқорлықтан бас тарту күніне орай , мектептің 7-8 сынып оқушылары арасында " ЖАСТАР ҚАЛАУЫ -СПОРТ!» ұранымен волейболдан спорттық жарыс өткізді. Іс-шарада Р.Исмаилова оқушыларды зиян әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануға шақырып, жарысқа қатысушыларға ойынға сәттілік тіледі. Спорттық жарыс өте тартысты өтіп ,жүлделі 1-орынды -8 "Б" сыныбы, 2-орынды - 7 "Б" сыныбы, 3-орынды- 7 "Ә" сыныбы иеленді. Жарыс барысында үздік ойын көрсетіп,"Үздік ойыншы" номинациясына Алиева Милана, Ертай Раяна, Славинская Камила, Шурумбаева Жанель, Рамазанова Тахмина ,Абай Расулхан, Рашидова Медина ,Шалғынбай Толғанай ие болды.
Іс-шараның мақсаты :Салауатты өмір салтын насихаттау.
19-20 қараша күні 7-11 сынып оқушылары /есепте тұрған оқушылар/ арасында «Есірткі мен жасөспірім»» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнаманың мақсаты: Кәмелетке жасы толмаған оқушылар зиянды заттарға деген көзқарасын анықтау. Сауалнама орыс және қазақ тілінде алынып, 169 оқушы қатысты. Оқушылардың сауалнамасын мектеп психологі Ж.Спатаева тексеріп, қорытынды шығарып ,жеке журналға тіркеді. Психолог қорытындысы мен оқушылардың жұмысы қосымша тіркелген.
🚭Шу ауданы білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде «19 қараша- Шылымқорлықтан бас тарту күніне орай, мектеп кітапханашысы Б.Исатаеваның ұйымдастыруымен "Темекі-ағзаға зиян" тақырыбында кітап ,сурет көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге кітаптаптар мен дәйек сөздер қойылды. Б.Исатаева көрме ұйымдастырып қана қоймай , тақырып аясында видео ролик түсірді.Видео роликке мектебіміздің 9-11 сыныптың ұл балалары қатысты. Роликте кітапханашы темекінің қаншалықты ағзаға зиян екенін түсіндірді.
Қортындылай келе, ұйымдастырушыға балалар салауатты өмір сүру үшін,денсаулықты сақтап ,бұндай зиянды заттардан аулақ болатынын айтты. жоғарғы сыныптың оқушыларымен темекінің зияны тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
📌 Іс-шараның мақсаты:Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру,темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлерімен таныстыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Қосымша ақпарат: Түсірілген бейне роликті әлеуметтік желіден көруге болады. https://www.facebook.com/share/v/dV6u4KmdcaUAqNF8/
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде балаларды зорлық -зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың, 23-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні "Зорлық -зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы" КММ кеңесші мамандар Г.Шамкенова мен Г.Мұратбек "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара барысында кеңесшілер кәмелетке жасы толмағандарға көрсетілетін зорлықтың түрі мен себеп- салдарымен таныстырса , психолог Г.Шамкенова бөгде адамдармен қарым-қатынас орнатуға болмайтынын айтып,бөгде адамдардан төнген қауіпті жағдайда жасалатын қимыл, іс-әрекеттердің түрлерімен таныстырып,оқушыларға әлеуметік кеңесшілердің байланыс телефондарын үлестіріп,7/24 тәулік бойы хабарласуларына болатынын айтты. Іс-шарада оқушыларға ситуациялық жағдай беріліп, кеңесшілермен бірлесе отырып шығу жолдарын қойылым арқылы көрсетті.
Кездесудің мақсаты: Кәмелетке жасы толмағандар арасында зорлық -зомбылықты алдын алу.
Қосымша ақпарат. Аталған іс-шараға түрлі есепте тұратын оқушылар қатыстырлды.
Шу АББ-нің бұйрығы негізінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру туралы мектепішілік кезекшілік кестесі жасалып, бекітілді. / бұйрық тіркелген/ Рейд барысында кеңес мүшелері және басқа да мектеп қызметкерлері мен Шу АІІБ полиция майоры ,мектеп инспекторы бірлесе отырып ,әр аптаның бейсенбі күндері күндіз сағат 11:00-14:00-ге дейін орталық базарында, темір жол бекетінде, ойын сауық орталықтарында сабақтан жалтарған оқушыларды анықтау мақсатында рейд жүргізсе, түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген балаларды анықтау мақсатында түнгі сағат 22:00-00:00 аралығында ойын –сауық орталықтары мен қала көшелері, темір жол бекетіне мектеп қызметкерлері мен мектеп инспекторы рейд жұмысын жүргізді. Рейд барысында сабақтан жалтарған 8 сынып оқушысы Қырықбай Айдын сауда орталығында арба сүйреп жүргені анықталды. Аталған оқушымен және ата-анасымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушының арба сүйреу себебі, қыстық аяқ киімге ақша жинау болған. Айдынға «Құқық бұзушылықтың алдын алу» кеңесінің мүшелері демеушілік жасап, қыстық етік алынып берілді. Аталған оқушының сабаққа қатысу жіті бақылауда.
Түнгі уақытта сенімді өкілінсіз жүрген оқушылар анықталған жоқ.
📌Шу ауданы білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 28 желтоқсан күні 1 желтоқсан – дүниежүзілік АҚТҚ/ЖҚТБ - ға (СПИД-ке) қарсы күрес күніне орай Шу қалалық емхананың СӨС кабинетінің маманы Халметова Малика Вячеславовна 6-11 сынып оқушыларына «АҚТҚ/ЖҚТБ-дан қорғану өз қолыңда!» тақырыбында профилактикалық және ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді. Маман дәрігері «АҚТҚ / ЖҚТБ туралы не білу керек?», «АҚТҚ-жұқтыру жолдары», «АҚТҚ қалай берілмейді?», «АҚТҚ-ның алдын алу» тақырыптары бойынша кеңестер беріп, оқушылармен тақырып аясында көрсетілім ұйымдастырып, дәрігерге тексерілу және емделуде ақпарат құпиялығының сақталуы жөнінде айтып,оқушылармен кері байланыс жүргізді.
🔷ЖҚТБ ауруының «ЖҚТБ – ХХІ ғасыр обасы» деп аталуы тегін емес екенін, қазіргі уақытта АҚТҚ мен ЖҚТБ-инфекциясы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде тіркелгенін, бұл қауіпті вирусты жұқтырудан ешкім де сақтандырылмаған айтты. Сол себепті де білім беру мен денсаулық сақтау саласы бойынша денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе екенін тілге тиек етті. 🎯 Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша «Полицияның сервистік моделі» жобасы негізінде мектепке жаяу келер оқушылардың жолдарындағы ашық люктер мен бос тұрған ғимараттарды ,жертөлелерді ,шатырға шығатын ашық тұрған есіктер санын анықтау , әжетхананың жабықтығығ, бос тұрған ғимараттардың мекен-жайын анықтау, кемшіліктер анықталған жағдайда ,нәтижелі жұмыстар жүргізу мақсатында атқарылған іс-шараның анықтамасы
Мектепке жаяу келер оқушылардың жолдарындағы ашық люктер жоқ, бірақ
Қарасу көшесінің №3 ғимаратының алдында 4 люктың қақпағының тозығы жеткен.
Мектеп территориясында 11 люк анықталған, 3 люктің қақпағы талапқа сай емес ,қақпақтың талапқа сай жабылу керектігі Р.Исмаилованың тарапынан жауапты қызметкерге ескертілді.
Жертөле саны-1 / құлып салынған/
Шатырға шығатын есіктер санын- 3 / құлып салынған/
Бос тұрған ғимараттар саны -4 / Қарасу көшесі, №4-үй, Қарасу көшесі, №4 а қоршалған, Қара су көшесі, 15-үй қоршалған, Қара су көшесі,19-үй қоршалған/
Мектеп ауласындағы әжетхана саны-1 /бір/ Әжетхананың есіктері мен терезелері жабық/
Қосымша ақпарат: Мектепке келер жолдағы 4 люктің қақпағының тозығы жеткені анықталып, Шу қаласының әкімшілігіне хат жолданды.
6 желтоқсан күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Көлік жүргізу құқығына иесің бе?» тақырыбында 60 оқушыдан сауалнама алынды. Сауалнаманың мақсаты: Кәмелетке жасы толмаған оқушылар арасында жол апатын алдын алу .
1-сұрақ. Көлік жүргізу куәлігі жоқ азамат көлік жүргізуге құқықығы бар ма? сұрағына 60 оқушы «жоқ» деп жауап берген. 2-сұрақ. Оқушылардың көлікті 21 жастан жүргізілетінен 21 оқушы хабарсыз, 18 жастан жүргізіледі деп 39 оқушы көрсеткен. 3-сұрақ. Бас бостандығынан айырылатыны туралы хабардар екені көрсетілген. 4-сұрақ. Электросамакатты қауіпсіз деп көрсеткен және 18 жастан жүргіузге рұқсат етілгенін көрсеткен. 5-сұрақ. Ішімдік пен психотропты заттарды пайдаланып , көлік жүргізуге рұқсат па сұрағына 60 оқушының барлығы жоқ деп көрсеткен. 6-сұрақ. Көліктің алдыңғы орнына 13 жастан отыруға рұқсат етілген деп 31 оқушы көрсеткен, 29 оқушы дұрыс көрсеткен.7-сұрақ. Қауіпсіздік белдігін тағу міндетті ме деген сұраққа 60 оқушы иә деп жауап берген. 8-сұрақ. Электросамакат жүргізу қауіпті ме сұрағына 31 иә деп жауап берсе, 29 оқушы жоқ деп жауап берді. 9-сұрақ. Электросамакат қауіпті ме сұрағына 41 оқушы иә деп жауап берсе, 19 оқушы жоқ деп жауап берген. 10-сұрақ. Көліктің иесі қасында отырса да ,бірақ 21 жасқа толмаған көлік жүргізу куәлігі жоқ бола тұра көлік жүргізуге рұқсат етілген бе сұрағына 21 оқушы иә деп жауап берсе, 39 оқушы жоқ деп жауап берді. 11-сұрақ. 18 жасқа толмаған жасөспірімнің барлық іс –әректеіне ата-ана жауапты екенін білесің бе? сұрағына 60 оқушы ия деп жауап берді. 12-сұрақ. Адам өзге адамға психологиялық және физикалық тұрғыдан зиян келтіруге болады ма? сұрағына 60 оқушы жоқ деп жауап берді.