Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    1 желтоқсан-СПИД-пен дүниежүзілік күрес күніне орай ұйымдастырылған кездесудің анықтамасы

    28 .11.2024ж.

    📌Шу ауданы білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 28  қараша күні 1 желтоқсан – дүниежүзілік  АҚТҚ/ЖҚТБ - ға  (СПИД-ке) қарсы күрес күніне орай Шу қалалық емхананың СӨС кабинетінің маманы Халметова Малика Вячеславовна 6-11 сынып оқушыларына «АҚТҚ/ЖҚТБ-дан қорғану өз қолыңда!» тақырыбында профилактикалық және ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.  Маман дәрігері «АҚТҚ / ЖҚТБ туралы не білу керек?», «АҚТҚ-жұқтыру жолдары»,  «АҚТҚ қалай берілмейді?», «АҚТҚ-ның алдын алу» тақырыптары бойынша кеңестер беріп, оқушылармен тақырып аясында  көрсетілім ұйымдастырып, дәрігерге тексерілу және емделуде ақпарат  құпиялығының сақталуы жөнінде айтып,оқушылармен кері байланыс жүргізді.

      🔷ЖҚТБ ауруының «ЖҚТБ – ХХІ ғасыр обасы» деп аталуы тегін емес екенін, қазіргі уақытта АҚТҚ мен ЖҚТБ-инфекциясы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде тіркелгенін, бұл қауіпті вирусты жұқтырудан ешкім де сақтандырылмаған айтты. Сол себепті де білім беру мен денсаулық сақтау саласы бойынша денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе екенін тілге тиек етті.                                     🎯 Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру.  

    «Полицияның сервистік моделі» жобасы негізінде мектепке жаяу келер оқушылардың жолдарындағы ашық люктер мен бос тұрған ғимараттарды ,жертөлелерді ,шатырға шығатын ашық тұрған есіктер санын анықтау , әжетхананың жабықтығығ, бос тұрған ғимараттардың мекен-жайын анықтау, кемшіліктер анықталған жағдайда ,нәтижелі жұмыстар жүргізу мақсатында атқарылған іс-шараның анықтамасы

    14.11.2024ж.

    А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша «Полицияның сервистік моделі» жобасы негізінде  мектепке  жаяу келер оқушылардың  жолдарындағы  ашық люктер мен бос тұрған ғимараттарды ,жертөлелерді ,шатырға шығатын  ашық тұрған есіктер санын анықтау , әжетхананың жабықтығығ,  бос тұрған ғимараттардың мекен-жайын анықтау, кемшіліктер анықталған жағдайда ,нәтижелі жұмыстар жүргізу мақсатында атқарылған іс-шараның анықтамасы

         Мектепке  жаяу келер оқушылардың  жолдарындағы  ашық люктер жоқ, бірақ

      Қарасу көшесінің №3 ғимаратының алдында 4 люктың қақпағының тозығы жеткен.

    Мектеп территориясында 11 люк анықталған, 3 люктің қақпағы талапқа сай емес ,қақпақтың талапқа сай жабылу керектігі Р.Исмаилованың тарапынан жауапты қызметкерге ескертілді.

    Жертөле саны-1 / құлып салынған/

     

    Шатырға шығатын есіктер санын- 3 / құлып салынған/

    Бос тұрған ғимараттар саны -4 / Қарасу көшесі,  №4-үй, Қарасу көшесі, №4 а қоршалған, Қара су көшесі, 15-үй  қоршалған, Қара су көшесі,19-үй  қоршалған/

    Мектеп ауласындағы әжетхана саны-1 /бір/ Әжетхананың есіктері мен терезелері жабық/

    Қосымша ақпарат: Мектепке келер жолдағы 4 люктің қақпағының тозығы жеткені анықталып, Шу қаласының әкімшілігіне хат жолданды.  


     





    «Көлік жүргізу құқығына иесің бе?» тақырыбына жүргізілген сауалнаманың анықтамасы

    6.12.2024ж.

        6 желтоқсан күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Көлік жүргізу құқығына иесің бе?» тақырыбында 60 оқушыдан сауалнама алынды. Сауалнаманың мақсаты: Кәмелетке жасы толмаған оқушылар арасында жол апатын алдын алу .

        1-сұрақ. Көлік жүргізу куәлігі жоқ азамат көлік жүргізуге  құқықығы бар ма? сұрағына 60 оқушы  «жоқ» деп жауап берген. 2-сұрақ. Оқушылардың көлікті 21 жастан жүргізілетінен 21 оқушы хабарсыз, 18 жастан жүргізіледі деп 39 оқушы  көрсеткен. 3-сұрақ. Бас бостандығынан айырылатыны туралы хабардар екені көрсетілген. 4-сұрақ. Электросамакатты қауіпсіз деп көрсеткен және 18 жастан жүргіузге рұқсат етілгенін көрсеткен. 5-сұрақ. Ішімдік пен психотропты заттарды пайдаланып , көлік жүргізуге рұқсат па сұрағына  60 оқушының барлығы  жоқ деп көрсеткен. 6-сұрақ. Көліктің алдыңғы орнына  13 жастан отыруға рұқсат етілген деп 31 оқушы көрсеткен, 29 оқушы дұрыс көрсеткен.7-сұрақ. Қауіпсіздік белдігін тағу міндетті ме деген сұраққа 60 оқушы иә деп жауап берген. 8-сұрақ. Электросамакат жүргізу қауіпті ме сұрағына 31 иә деп жауап берсе, 29 оқушы жоқ деп жауап берді. 9-сұрақ. Электросамакат қауіпті ме сұрағына 41 оқушы иә деп жауап берсе, 19 оқушы жоқ деп жауап берген. 10-сұрақ. Көліктің иесі қасында отырса да ,бірақ  21 жасқа толмаған  көлік жүргізу куәлігі жоқ бола тұра көлік жүргізуге рұқсат етілген бе сұрағына 21 оқушы иә деп жауап берсе, 39 оқушы жоқ деп жауап берді. 11-сұрақ. 18 жасқа толмаған жасөспірімнің барлық іс –әректеіне ата-ана жауапты екенін білесің бе? сұрағына 60 оқушы ия  деп жауап берді. 12-сұрақ. Адам өзге адамға психологиялық және физикалық тұрғыдан зиян келтіруге  болады ма? сұрағына 60 оқушы жоқ деп жауап берді.


    Теолог маманымен жүргізілген кездесу

    23.12.2024ж.

        А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде балаларды  зорлық -зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен саламаттылығын ,қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 10-тармағына  және кәмелетке жасы толмағандарды діни экстремизм мен терроризм идеологиясына тартудың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 9 желтоқсан күні 7-11 сынып оқушыларының діни сауаттылығын арттыру, дін туралы түсінігін кеңейту, діни ағымдардан сақтану туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «ДПЗО»“Дін проблемаларын зерттеу орталығы” КММ-нің  теолог маманымен «Аналитикалық интернет карта» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында оқушылар тарапынан Н.Бахтияр "Аналитикалық интернет карта" (АИК) бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған әлеуметтік желілердегі (ВКонтакте) деструктивті діни ағым идеяларын таратушы топтар туралы түсініктеме беріп , тақырып аясында бейнематериал сілтемесімен  бөлісті.
    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710857245140327/files/%D2%9A%D0%B0%D1%83%D1%96%D0%BF%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%BA/250428-180933.png?_t=1745842174

    Қауіп төніп тұрғаны туралы сигнал беретін ,балаларға арналған тану ,ым-ишараның ,белгілерінің сөздерінің бірыңғай тізбелерін оқушыларға таныстырылғаны туралы

    20.12.2024ж.

       А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің 5-11 сынып оқушылары арасында  қауіп төніп тұрғаны туралы сигнал беретін ,балаларға арналған тану ,ым-ишараның ,белгілерінің сөздерінің бірыңғай тізбелерін оқушыларға таныстырылды. Атап айтатын болсам, қол қимылдары арқылы зорлық-зомбылықтан сақтау немесе көмек сұрау белгісі соңғы жылдары маңызды тақырыпқа айналғанынын, әлемде зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар үнсіз көмек сұрай алатын арнайы қол қимылдары қолданатынын, мұндай белгілер кез келген адамның тез түсінуі және тиісті көмек көрсетуі үшін ойластырылғанын айтып, түрлі белгілерге тоқсатлды.

    Үш саусақты көтеріп, алақаныңызды сыртқа қарату – көмекке мұқтаж екендігіңізді білдіруі мүмкін (белгілі контексттерде).

    Саусақпен ерінді басу немесе "үнсіз болу" әрекетін көрсету – жасырын түрде көмек сұраудың белгісі болуы мүмкін.

         Жоғарыда аталған белгілер зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамға қауіпсіздік пен құпиялылықты сақтай отырып көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретінін түсіндіріп, оқушылар арасында шағын қойлым көрсетті.

    Қойылымда көрсетілген жағдайға тап болсаңыз, дұрыс түсініп, тиісті органдарға хабарлау немесе тікелей көмектесу маңызды екенін түсіндірді.
    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710857245140327/files/%D2%9A%D0%B0%D1%83%D1%96%D0%BF%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%BA/250428-180437.png?_t=1745841879

    «WhatsApp» желісі арқылы жалған ақпараттарды тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатындығы жөнінде оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілгені туралы

    20.12.2024ж.

    10 желтоқсан күні А.С. Макаренко атындағы орта мектебі бойынша ««WhatsApp» желісі арқылы жалған ақпараттарды тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатындығы» тақырыбында 5-11 сыныптың оқушыларына директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары түсінідірме жұмысын жүргізді . Тақырып аясындағы ЖАДЫНМА мектепті «Facbook» әлеуметтік желісіне орналастырылды және ата-аналар мен педагогтар чатына ақпарат ретінде жолданды, мектептің ақпараттық тақтасына да орналастырылды.


    «Құмар ойын зардабы» тақырыбында қысқа метражды фильм көрсетілгені туралы

    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 432 қаулысы негізінде мектепішілік бұйрық шығарылып,  жұмыс жоспар бекітіліп,жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда оқушылар арасында телефон арқылы түрлі ойын ойнап,бәс тігу жағдайлары көптеп орын алуда. Жоғарыда аталған мәселерді мектеп оқушылары арасында орын алмау мақсатында, 6-10 сынып оқушылары арасында «Құмар ойындардың оқушыларға тигізетін зияны», «Психологиялық зардаптары мен Әлеуметтік зардаптары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Құмар ойын зардабы» , «Лудоман» тақырыптарында әлеуметтік қысқа мектражды фильм көрсетілді. Фильм соңында оқушылармен фильмнен ойларына не түйгендері бойынша сұрақ-жауап жүргізілді.
    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710857245140327/files/%D2%9A%D0%B0%D1%83%D1%96%D0%BF%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%BA/250428-175257.png?_t=1745841178

    «Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізгенін

    15.11.2024ж.
    Шу АПБ-нің ЖПҚБ-нің ЮПТ полиция аға лейтенанты Құсайнов Мақсат Мусабекович Мусабекович А.С.Макаренко орта мектебінің 6-11 сынып оқушыларымен «Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.



    «Жаңа жылдық өрт қауіпсіздік ережелері, «Пиротехника- қауіпті құрал» тақырыбында түсіндірме жұмысы

    12.12.2024ж.
    Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Пермебаев Марлен Берікбайұлына  Антон Семенович  Макаренко атындағы орта мектебінің оқушылары арасында «Жаңа жылдық өрт қауіпсіздік ережелері, «Пиротехника- қауіпті құрал» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.


    «Вандализм мен бұзақылық» тақырыбында жүргізілген түсіндірме жұмысы

    11.11.2024ж.

    Р.Исмаилова 5-11 сынып оқушыларына «Вандализм» сөзін қалай түсінетіндерін оқушылардан сұрап,  «Вандализ- мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі есептелетінін түсіндіріп, оқушылардың жауабын толықтырып өтті.  

          Оқушыларғак вандализм жасағаны үшін  қандай жауапкершілікке де тартылатынын түсіндірді. Атап айтатын болсам, 1) ҚР ҚІЖК 294-бабына сәйкес, вандализм, яғни тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекет қорғайтын табиғи объектілерді, жазбаларды немесе суреттерді не қоғамдық моральды бұзатын өзге де іс-әрекеттерді бүлдіру , -200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 160 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Жазаның тағы бір түрі – 50 тәулікке қамауға алу. Сондай-ақ «әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша, пайдакүнемдiк ниетпен бiрнеше рет жасалған» бұзақылық үшін 200 мың АЕК-ке дейін айыппұл қарасырылған. Қоғамдық жұмысқа 300 сағат беріледі, ал қатаң жаза ретінде 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

    2) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 448-бабына сәйкес вандализм, яғни тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекет қорғайтын табиғи объектілерді, жазуларды немесе суреттерді, не он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандар жасаған қоғамдық моральды бұзатын өзге де іс-әрекеттерді бұзатын вандализм ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

          Іс-шара соңында ұйымдастырушы оқушыларға мектептің мүлкін бүлдірмей, мүлікті қорғап , жауапкершілікпен қарап,қоғамдық ортада ұстанатын әдепті сақтауға шақырды.



    «Тайғақ жолда абайла» тақырыбында түсіндірме жұмысы

    20.12.2024ж.
    Шу АПБ-нің ЖПҚБ-нің ЮПТ полиция аға лейтенанты Құсайнов Мақсат Мусабекович Мусабекович А.С.Макаренко орта мектебінің 5-11 сынып оқушыларымен «Тайғақ жолда абайла» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710857245140327/files/%D2%9A%D0%B0%D1%83%D1%96%D0%BF%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%BA/250428-161057.png?_t=1745835058

    «Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмысын

    14.01.2025ж.
    Шу АПБ-нің ЖПҚБ-нің ЮПТ полиция аға лейтенанты Құсайнов Мақсат Мусабекович А.С.Макаренко орта мектебінің оқушыларымен «Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

    Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы өзара іс-қимыл Алгоритмімен танысып,талқылау жұмыстары жүргізілгені туралы

    14 .01. 2025ж.

          А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилова 2025 жылы 14 қаңтар күні  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 маусым N789 қаулысымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеге сәйкес Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы өзара іс-қимыл Алгоритмімен  сынып жетекшілерді таныстырса, мектеп инспекторы, әлеуметтік педагогпен,мектеп медбикесі , алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі және  тағы басқа педагогтер бірлесе отырып, танысып, талқылау жұмыстарын жүргізді. Жоғарыда аталған алгоритмде құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстары анық, жүйелі , әр бағытта қалай жұмыс жасау керектгі көрсетілген.

    Іс-шараның мақсаты: Кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық бұзушылықты  алдын алу
    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710857245140327/files/%D2%9A%D0%B0%D1%83%D1%96%D0%BF%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%BA/250428-155907.png?_t=1745834349

    «Жол ережесін естен шығарма ,жасөспірім!» тақырыбында түсіндірме жұмысын

    20.01.2025ж.
    Шу АПБ-нің ЖПҚБ-нің ЮПТ полиция аға лейтенанты Құсайнов Мақсат Мусабекович А.С.Макаренко орта мектебінің 1-5 сыныптың оқушыларымен «Жол ережесін естен шығарма ,жасөспірім!» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.


    Түрлі есепте тұрған оқушылармен байланыс орнатуға бейімдеу мақсатында жүргізілген іс-шара

    18 .12.2024ж.

    Мақсаты:Түрлі  есепте тұрған оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

        А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кітапханашысы Б.Исатаева мектепк есепте тұрған оқушылар  9 сынып оқушысы Тойшыбек Бексұлтан мен 7 сынып оқушысы Аюп Нұрсұлтанды кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, арттыру мақсатында кітап оқып беріп, өздеріне қандай кітап қызықтыратыны туралы айтылды. Дулат Исабековтың Гаухар тас кітабының мазмұнымен таныстырылды. Оқушыларға кітап ұнады.


    "Адасқан жан" тақырыбында фильм көрсетілгені туралы

    10.01.2025ж.

    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде кәмелетке жасы толмағандарды діни экстремизм мен терроризм идеологиясына тартудың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес,

    8-10 сынып оқушылары арасында теріс пиғылды діни идеологияны тұрақты қабылдамауын қалыптастыру мақсатында "Адасқан жан" тақырыбында фильм көрсетілсе жоғарғы сынып оқушылары арасында шетелдік діни оқу орындарына оқуға ниетті оқушыларды анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамага 56(елу алты ) оқушы қатысты. Іс-шараның мақсаты: Окушылардың шетелдік діни оқу орындарына кетуін алдын алу. Анықтама қосымша тіркелген.


    "Заңды сақтау-азаматтық борышың" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылғаны туралы

    9-31.01.2025ж.

    Шу ауданы білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығының жоспарына сәйкес , 21-24 қаңтар аралығында "Заңды сақтау-азаматтық борышың" тақырыбында 5-9 сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Сурет байқауына көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Баялбекова төрелік етіп, оқушылардың жұмыстарын  бағалап өтті. Атап айтатын болсам, 1-орын-7сынып оқушысы Доғдырбай Інжу ,2- орын -5 сынып оқушысы А. Арыстанбек пен Рахимова Айару, 3- орын- 8 сынып оқушысы  Голощапова Екатерина.

    Байқаудың мақсаты: «Заң және тәртіп» құндылықтарын дәріптеу,оқушылардың заң талаптарын түсінуін және құрметтеуін қалыптастыру.

    «Жолда «жүру ережесі» тақырыбында ақпараттық бұрыштардың орналасуы туралы

    2.09.-31.10.2024ж.

    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің 1-8 сыныптардың қабинеттерінде «Жол ережесі» тақырыбында бұрыштар және   мектептің «В» корпусында кіші мәжіліс залында «Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік» тақырыбында  ақпараттық бұрыш орналастырылған. Аталған мәжіліс залында оқушылармен тақырып аясында тәрбие сағаттары мен мектеп инспекторы кездесу жүргізіп отырады.

      

    Отбасымен жұмысты күшейту мақсатында 10 топтағы отбасымен жүргізілген жұмыстар туралы

    2.09-27.12.2024ж.

         А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша 2024-2025 оқу жылының бірінші жарты жылдығында отбасымен жұмысты күшейту мақсатында 10 топтағы отбасымен  төмендегідей жұмыстар жүргізілді.  Тәуекел топта тұрған Рүстембеков А. отбасында екі бала . Аталған мектепте  8 сыныпта Қырықбай айдын оқиды. Отбасы толық емес. Қырықбайдың анасы  тастап кеткен ,әкесінің тәрбиесінде. Әкесі ішімдік ішпейді, зиянды заттарды пайдаланбайды, бірақ тұрмысы өте төмен . Сауда орталығында арба сүйрейді,табыскөзі тұрақты емес. Аталған ата-анамен «Бала тәрбиесі » , «Баланың және үйдің тазалығы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Кырықбай Айдын «Алқа» кеңесінің шешімімен бір мезгіл ыстық тамаққа қосылған, бірақ қараша айында әкесі малды ауылды жерге жұмыс істеуіне байланысты мектеп жанындағы интернатқа орналастырылды. Әкесі Рүстембеков Айтбаймен мектеп әкімшілігі тығыз қарым -қатынаста. Аталған оқушыға  директордың құқықтық тәрбие орынбасары мен мектеп психологі , алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі қыстық аяқ киім алып берді. Қолдау көрсетіліп отырады. Кеңсе тауарлары мен жеке гигиеналық заттар алынып берілді. Жаңа жыл мерекесіне орай да  тәтті сыйлықтар берілді.

    8 сыныптың оқушысы Қозан Бегнардың отбасы толық емес. Анасы Г.Тойшыкованың тәрбиесінде. Бегнар мектеп жанындағы интернатта жатып оқиды. Анасының жеке үйі жоқ,  тұрғылықты жерін жиі ауыстырады. Анасы Г.Тойшыкова ішімдік пайдаланған кездері байқалғандықтан және тұрмысы өте төмен болғандықтан тәуекел топқа жатқызылды. Бегнар жіті қадағалауда .Анасы жұма күндері интернаттан алып кетіп отырады. Алып кету уақытында ішімдік пайдаланғаны немесе пайдаланбағаны қадағаланып отырады. Анасымен «Бала тәрбиесі» ,«Бала алдындағы ата-ана міндеті», «Бала қауіпсіздігі » тақырыптарында жеке әңгіме жүргізіліп отырады.Психологиялық тренингтер жүргіліліп отырады. Жаңа жыл мерекесіне орай да  тәтті сыйлықтар берілді. Ата-ана мен оқушы жеке  қадағалауда.

    «Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбында жүргізілген кездесу

    11.03.2025ж.

              Шу ауданының А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде Г.Арипова мен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен мектеп психологінің ұйымдастыруымен 7-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлық-ғасыр дерті»  тақырыбында Шу қалалық емханасының дәрігер-наркологі Тойшыбекова Гүлназ Маратовна мен Бегимбаева Айнаш Койгелдиевнамен  кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жоғарыда аталған мамандар есірткінің түрлері мен оны пайдаланудың салдарын түсіндіріп ,тақырып аясында арнайы дайындап келген бейнематериалдарын ұсынды. Оқушылар маман иелеріне тақырып аясында туындаған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып отырды. Дәрігер-нарколог Г.Тойшыбекова оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарына Шу қалалық емханасына келіп кеңес алуға болатынын, берілген кеңес жасырын түрінде жүргізілетінін айтып, жұмыс кестесін ұсынды. Кездесу барысында мектеп психологі жастар арасында күйзелісті жеңу үшін шатырға шығып ,айналадағы көріністі бақылау жағдайлары жиі орын алатынын айтып, бірақ мұндай жағдайлар күйзелісті жеңбейтінін, қайта адам өміріне қауіпті екенін және адамның психологиялық күйзеліске ұшырауының тағы бір фактісі- ғаламтордағы орынсыз контенттерге кіру екенін айтты. Іс-шарада мектеп медбикесі оқушыларға дәрілік препараттарды тек дәрігердің нұсқауымен жауапты қолдану керектігін, кез келген дәріні өз бетінше қолдануға болмайтыны туралы ақпарат ұсынса, кәмелетке жасы толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушылардың денсаулығына зиян келетін заттардың тізбесін ұсынып, қазіргі таңда оқушыларға оңай қолжетімді насвай мен вейптің зияны туралы,оларды өзара пайдалану және бір-біріне ұсыну іс-әрекетіне заң тұрғысынан тосқауыл қойылғанын, жоғарыда аталған зиянды заттарды пайдаланған, ұсынған азаматтар заң алдында жауап беретін түсіндіріп,тақырып аясында бейнематериал ұсынды .Іс-шараның мақсаты: Кәмелетке жасы толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру . Түрлі жағдайда психологиялық күзеліске берілмеу.



    1 сынып оқушыларымен "Жол ережесін біліп жүр,балақай" тақырыбында практикалық сабақ

    4.09.2024ж.

    Шу АПБ-нің ЖПҚБ-нің ЮПТ  полиция аға лейтенанты Құсайнов Мақсат Мусабекович  А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушыларымен «Қауіпсіз қоғам» алдын алу шарасы негізінде «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында практикалық сабақ жүргізді.

    ✍️ Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды ✍️ Главой государства подписаны законы, направленные на обеспечение защиты прав женщин и безопасности детей.Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді: ✔️денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды; ✔️неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған; ✔️отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беругеміндетті болады; ✔️тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді; ✔️өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтірудінасихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді; ✔️16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды; ✔️кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді; ✔️білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті; ✔️16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды. Вводятся нормы, ужесточающие ответственность за любые проявления насилия в отношении женщин и детей, а также призванные укрепить институт семьи, безопасность несовершеннолетних: ✔️криминализированы умышленное причинение легкого вреда здоровью и побои. Ужесточена ответственность за умышленное причинение средней тяжести и тяжкого вреда здоровью; ✔️предусмотрены новые принципы брачно-семейного законодательства, основанные на укреплении института брака и семьи, отцовства, материнства и детства, а также принцип обеспечения нравственного и духовного воспитания детей в духе уважения к общечеловеческим, национальным, традиционным, культурным и семейным ценностям; ✔️созданы правовые основы функционирования контакт-центра по вопросам семьи, защиты прав женщин и детей, в роли которого будет выступать юридическое лицо, определяемое уполномоченным органом в сфере информатизации. При этом введена обязанность госорганов не только взаимодействовать по вопросам семьи, защиты прав женщин и детей, но и предоставлять в контакт-центр информацию о принятых мерах по итогам рассмотрения обращений граждан; ✔️законодательно закреплены вопросы создания и функционирования центров поддержки семьи для оказания специальных социальных услуг потерпевшим от бытового насилия; ✔️введена уголовная ответственность за склонение и содействие в совершении самоубийства, а также за пропаганду самоубийства; ✔️введена уголовная ответственность за приставание сексуального характера к лицам, не достигшим 16-летнего возраста. Существенно ужесточены наказания за похищение и незаконное лишение свободы несовершеннолетнего; ✔️впервые введена административная ответственность за травлю (буллинг, кибербуллинг) несовершеннолетнего; ✔️установлена обязанность организаций образования незамедлительно сообщать правоохранительным органам о совершении несовершеннолетними или в отношении них противоправных деяний; ✔️в целях обеспечения безопасности детей до 16 лет введен запрет на их принудительную высадку из общественного транспорта при отсутствии у них оплаты за проезд.

    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде қамқоршылық кеңесінің жоспарына сәйкес “Игі істер”акциясы аясында қамқоршылық кеңесінің 3-ші отырысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1.Аз қамтылған отбасындағы балалар мен қорғаншылықта және қамқоршылықтағы балаларға және интернет тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсету. 2.Жетім,жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу,акт жасау. 3."Наурыз" мерекесіне орай ардагерлерді мерекелік іс-шараларға қатыстыру 4.Мектеп инспекторының есебін тыңдау.Қамқоршылық кеңесінің орынбасары Асылбеков Бақыт Болатович күн тәртібіндегі мәселелермен танысып,баяндамашыларға сөз берді.Отырыс соңында тыңдалған мәселелер бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшелері бір ауыздан шешім қабылдап,хаттама жазылды. #Қамқоршылық_кеңес

    2.05.2024

    Возможно, это изображение 8 человек, люди учатся и текст



    Возможно, это изображение 6 человек, люди учатся и текст

    «ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ !!! А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде оқушылардың судағы кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп оқушыларына, ата-аналарға , судағы қауіпсіздік ережелері бойынша видео нұсқаулықтар беріліп, жаднамалар таратылды. Әрбір сыныптың ата - аналар чаттарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, суға шомылу ережелері жіберілді. Суға шомылудың қауіпсіздік шаралары: -Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алу; -Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жаға жайларда шомылу; -Суға түскенде бір біріңізді көзден таса етпеу; -Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпау; -Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін; -Суға шомылуға тек ата -анаңмен, саған қамқор болатын үлкен кісілермен барған жөн ; т.б Оқушыларға және ата - аналарға қатаң түрде ескерту жасалынды. Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау #судағықауіпсіздік #білімбөлімі #қауіпсіздіктіқамтамасызету

    16.05.2024

    А.С.Макаренко атындағы орта мектеп жанындағы интернатының тәрбиеленушілерімен Шу ст.ЖПБ ӘПБ инспекторы полиция лейтенаты А.Мырзан «Құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбында жедел профилактикалық жұмыстарын жүргізді.Түсіндірме жұмыс барысында оқушыларға өмір қауіпсіздігін сақтау керектігі туралы, әлімжеттік, бопсалау туралы, есірткі заттарын қолданбау керектігін,бөтен біреудің мүлкін ұрлау,қорқытып алғаны үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын түсіндіріп өтті. Мақсаты:Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету ,заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу.Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа , құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. #Құқықбұзушылықтыалдыналу #Шуауданыбілімбөлімі

    17.05.2024
    Возможно, это изображение 1 человек и текст



     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия