Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде” Балалар үні” жоспары аясында мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары мемлекеттік қызметкерлерімен кездесті.

    2025-05-27
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде” Балалар үні” жоспары аясында мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары мемлекеттік қызметкерлерімен кездесті.
    Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып,мемлекеттік қызметкерлерден тікелей жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
    Сонымен қатар,мемлекеттік қызметтік саласының жұмысы,қызметкерлердің міндеттерімен қоғамдағы рөлі туралы түсінік берілді.
    Іс-шара мақсаты :
    Балалардың пікірін тыңдау,олардың ұсыныстары мен ойларын ескеріп,мемлекет пен қоғамның дамуына белсенді қатысуға ынталандыру.

    https://www.facebook.com/share/p/16P1r6BeYn/

    Тарих-география сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттыру

    11.02.2025
    Заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігін арттыру мақсатында және халықаралық стандарт деңгейінде сапалы біліммен тәрбие беру үшін заманауи инновациялық білім беру технологияларымен жұмыс жасай білу.
    - Педагогтердің пәндік құзіреттілігі артады.
    - Оқытіда бағалау әдістерінің тиімді түрлерін қолданады.
    Өзара тәжірибе алмасып озық тәжірибелерді өз қызметіне енгізеді.

    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710857245140327/files/%D0%86%D1%81-%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80/%D0%90%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%202025/ilovepdf_merged%20%283%29.pdf?_t=1745920020

    "Тарих толқынында" атты тарих және қоғамдық пәндер айлығының жоспары

    09.01 - 31.01.2025
    Айлықтын басты мақсаты оқушылардын қатысушылардын тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру тарихи сананы қалыптастыру шығармашылық қабылеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарға деген құрметін күшейту. Оқушылар іс-шараларға жоғары қызығушлылықпен қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Әр түрлі шығармашылық байқаулар ерекше белсенді өтті.

    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710857245140327/files/%D0%86%D1%81-%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80/%D0%90%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%202025/ilovepdf_merged%20%282%29.pdf?_t=1745919110

    Жаратылыстану ғылымы - ақыл ойдың әуені

    04.11 - 30.11.2024
    Апталық кезінде өткізілген  іс-шаралар арқылы мұғалімдер оқушылардың осы пәндерден терең білімдердін, ұшқыр ойларын дамыта түсті, оқушылар ұжымен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдірді, тапсырмаларға жылдам дұрыс жауап беріп жаратылыстану пәндеріне көзқарастарын ауқымды білімдерімен көрсете білді, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланды. Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз - әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.

    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710857245140327/files/%D0%86%D1%81-%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80/%D0%90%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%202025/scaned_document-14-19-21.pdf?_t=1745918419

    "Біртұтас тәрбие"бағдарламасын іске асыру аясында"Бір күн егіс даласы"тақырыбында 8-9сынып оқушыларымен экскурсияға барып,қайтты.

    26.09.2024
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі 2024ж қыркүйектің 26 күні кәсіби бағдар беруші маманы Курамаева К "Біртұтас тәрбие"бағдарламасын іске асыру аясында"Бір күн егіс даласы"тақырыбында 8-9сынып оқушыларымен экскурсияға барып,қайтты.
    Мақсаты: Оқушыларға қалай еңбек ету керектігін ұғындыру және қызығушылықтарын арттыру
    #біртұтас тәрбие#Адал_еңбек#

    https://www.facebook.com/share/p/1HMymwpLA5/

    "Еңбегі адал жас өрен"

    24.10.2024
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында, балалардың еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында, мектебіміздің кәсіптік бағдар беру маманы Курамаева К
    9 сынып оқушыларымен мектебіміздің ардагер ұстазы Алатаева Тамара Садыбаевнаның үй ауласын тазалауға көмек көрсетіп қайтты.Ардагер ұстаз оқушыларға өз батасын беріп,оқуда озат болуын тіледі.Әрбір еңбек жасаған адам,жемісін көрсін деп алғысын білдірді.
    #Біртұтастәрбие#

    https://www.facebook.com/share/p/1VWU4ZKt8v/

    “Еңбегі адал -жас өрен”

    13.11.2024
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі “Еңбегі адал -жас өрен” жоспарына сәйкес ауданымыздың құрметті азаматы, Қ.Р. мəдениет саласының үздігі, суретші, мүсінші Қали Қораласбаев ағамызбен кездесу ұйымдастырылды. Мүсіншінің "Дала қорғаны" ,"Кісен ашқан", "Отан",”Дала үндестігі" ,"Құрбылар"тақырыбындағы тас мүсіндері және “Махаббат бағы”,”Ақ мекен”, ”Балдәурен”, “Дала үндестігі” тақырыбындағы графикалық шығармаларымен таныстырып, оқушыларға ризашылығын білдірді. #Еңбегі#адал#жас#өрен#
    #Білтұтас#тәрбие

    https://www.facebook.com/share/p/1Uk7isNGHK/

    9 сынып оқушыларымен тоғыз жолдың торабы”Темір жол” вокзалына экскурсия ұйымдастырылды

    27.11.2024
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар жоспарына сәйкес 9 сынып оқушыларымен тоғыз жолдың торабы”Темір жол” вокзалына экскурсия ұйымдастырылды.
    Мақсаты: Оқушылардың танымдақ қаблеттерін арттыры отырып,мамандық түрлерімен таныстыру.
    #біртұтас_тәрбие


    https://www.facebook.com/share/p/16NCk98vfx/

    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар маманы К.Курамаева 9 “А”,9 “Б” сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан “ Шу ауданының төтенше жағдайлар бөліміне” ашық есік ұйымдастырды. Ашық есік барысында Бөлімше командирі Азаматтық қоғау старшинасы Белгинов Елдос оқушыларға өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен, өрт сөндіру кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар техникаларымен таныстыру жұмысын жүргізді. #біртұтас_тәрбие

    28.11.2024
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар маманы К.Курамаева 9 “А”,9 “Б” сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан “ Шу ауданының төтенше жағдайлар бөліміне” ашық есік ұйымдастырды.
    Ашық есік барысында Бөлімше командирі Азаматтық қоғау старшинасы Белгинов Елдос оқушыларға өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен, өрт сөндіру кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар техникаларымен таныстыру жұмысын жүргізді.
    #біртұтас_тәрбие


    https://www.facebook.com/share/p/18yxawSqzt/

    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 9-10 сынып оқушыларымен Шу қаласының ауруханасына ашық есік ұйымдастырылды.

    13.12.2024
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 9-10 сынып оқушыларымен Шу қаласының ауруханасына ашық есік ұйымдастырылды.
    Мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыра отырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

    https://www.facebook.com/share/p/14eYZpoN4c/

    “Еңбегі адал жас өрен”

    13.12.2024
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің біртұтас тәрбие аясында “Еңбегі адал жас өрен” жобасына сәйкес 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай желтоқсан оқиғасына қатысқан Оразбаева Ләззат Бұзаубаевнамен кездесу өткізіп, желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өткізілді.

    https://www.facebook.com/share/p/1JiM8BmaMU/

    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес “Мен мамандықтар әлеміндемін” тақырыбында мектебіміздің 9”А”, 9”Ә”, 9”Б” сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан “Шу Локомотив жөндеу зауытына” экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыра отырып,қызығушылықтарын арттыру.

    16.01.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес “Мен мамандықтар әлеміндемін” тақырыбында мектебіміздің 9”А”, 9”Ә”, 9”Б” сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан “Шу Локомотив жөндеу зауытына” экскурсия ұйымдастырылды.
    Мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыра отырып,қызығушылықтарын арттыру.

    https://www.facebook.com/share/p/1FEHgDfP1F/

    9"А",9"Ә",9"Б" сынып оқушыларымен Шу қаласындағы орналасқан "ҚТЖ" ҰҚ" филиалына Шу мамандандырылған жол дистанция мекемесіне экскурсияға барды.

    23.01.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру маманы К.Курамаеваның ұйымдастыруымен 9"А",9"Ә",9"Б" сынып оқушыларымен Шу қаласындағы орналасқан "ҚТЖ" ҰҚ" филиалына Шу мамандандырылған жол дистанция мекемесіне экскурсияға барды. Экскурсия барысында өндірістік оқыту шеберінің маманы Серіков Мади оқушыларға Австриялық, Франциялық,Россиялық жол жөндеу машиналарының түрімен таныстырып, техникалық қауіпсіздік ережелерінде айтып өтті.

    https://www.facebook.com/asmakarenkoatyndagyortamektebi/posts/pfbid02bsMkytYLtYXGjFLXMeaKd1t4hKdzDXcQcoqza76Cxoo6PsWaCutzZkHm2syhYiuYl

    "Еңбегі адал жас өрен"

    31.01.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде біртұтас тәрбие "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында қазақтың ұлттық қол өнер шебері Жақсыбаев Бауыржан Қайратұлымен 7-9 сынып оқушылар арасында мектеп акт залында кездесу ұйымдастырылды. Қол өнер шебері Бауыржан Қайратұлы өз қолынан жасаған қазақтың құнды дүниелері, соның ішінде қобыз, домбыра, бесік, тақтайша түрлерін көрсетіп, неден жасалғанын, қалай жасағанын оқушыларға көрсетіп, түсіндірді. Оқушылар қол өнер шеберінің бұйымдарын көріп, тамашалады. Қол өнер шебері Б. Жақсыбаев оқушыларды қол өнермен айналысуға шақырды. Кездесу соңында Б. Жақсыбаев өз қолымен жасаған домбырасымен "Ерке сылқым" күйін орындап берді.
    Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына еңбекқорлықтың арқасында жетістікке жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

    https://www.facebook.com/share/p/167u1XC9mW/

    "Еңбегі адал - жас өрен"

    12.02.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде біртұтас тәрбие "Еңбегі адал - жас өрен" жобасы аясында мектебіміздің 9 сынып оқушылары қобыз жасаушы кәсіпкер Қазақбаев Қанат Дотаұлымен кездесті. Кездесу барысында қолөнер шебері өз шеберханасында қобыздың табиғи заттардан, соның ішінде аттың қылы, ешкінің терісінен, сол өлкеде өсетін әр түрлі ағаш түрлерінен жасалатынын түсіндірді. Шебердің қолынан шыққан қобыздарды еліміздің арнаулы музыкалық оқу орындары: Ұлттық консерватория, өнер университеті мен музыкалық арнайы мектептерінің ұстаздары мен студенттері, жеке музыканттар мен этнографиялық ансамбльдер және оркестр мамандары тапсырыспен жасататыны туралы сөзге тиек етті.
    Мақсаты: Жастардың еңбекке және еңбек адамдарына, еңбек жетістіктеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Мамандықты мақсатты таңдауға бағыт - бағдар беру.

    https://www.facebook.com/share/p/1BaQ6nJeAv/

    Кәсіптік бағдар беру маманы К.Курамаева оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыра отырып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында Шу қаласында орналасқан №10 колледжіне 9 сынып оқушыларымен экскурсия ұйымдастырды.

    13.02.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру маманы К.Курамаева оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыра отырып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында Шу қаласында орналасқан №10 колледжіне 9 сынып оқушыларымен экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында колледждің өндірістік оқыту шебері Қожан Рүстем оқушыларды құзыреттілік орталығымен, агрономиялық кабинетімен, тігін шеберханасымен, асхана, жатақханасымен таныстырды.

    https://www.facebook.com/share/p/1BMAQgCUZ2/

    "Еңбегі адал-жас өрен "

    18.03.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар беру маманы К.Курамаева "Еңбегі адал-жас өрен " жоба аясында білім алушыларды еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықты дәріптеу мақсатында Шу қаласында орналасқан Құрманғазы атындағы балалар саз мектебіне 7-10 сынып оқушыларымен экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында саз мектебінің домбыра аспабының мұғалімі Умарбекова Гүлназ Умерзаковна оқушыларға саз мектебі 1974 ж. ашылғаны туралы ақпарат бере отырып, мектептің тарихымен таныстырды. Саз мектебінде оқушыларға домбыра, сольфеджио, вокал, фортепьяно үйірмелерінен сабақ жүргізілетіні және күйлердің шығу тарихын, домбыраның құрылымы, шығу тарихы туралы мәлімет беріліп, домбыра үйірме жетекшісі: Сердіғали Нұржан Арманұлы Жошы ханның "Аңсақ құлан" күйін нақышына келтіріп, домбырамен орындап берді.

    https://www.facebook.com/share/p/1BcSnwh7As/

    "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында "Табысты тұлға" тақырыбында эссе ұйымдастырылды

    1.04.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде көктемгі демалыста "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында "Табысты тұлға" тақырыбында эссе ұйымдастырылды.

    https://www.facebook.com/share/p/169MGggryt/

    "Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы" атты айлық жоспарға сәйкес мектеп психологі 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Мамандықты дұрыс таңдау – баланың бақытты болу кепілі»

    11.04.2025
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде "Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы" атты айлық жоспарға сәйкес мектеп психологі 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Мамандықты дұрыс таңдау – баланың бақытты болу кепілі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.Іс шара мақсаты:Оқушылардың өзін-өзі тану деңгейін арттыру, қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға көмектесу арқылы болашақ мамандықты саналы әрі дұрыс таңдауға бағыт беру. Баланың тұлғалық дамуына ықпал ете отырып, өмірлік маңызды шешім қабылдауына психологиялық қолдау көрсету.Осы мақсатқа сай ашық диолог,презентация,"Арман картасы" әдістемелік,кері байланыс оқушылармен орнатылды.

    https://www.facebook.com/asmakarenkoatyndagyortamektebi/videos/2109702652827606/

    "Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы" атты айлық жоспарға сәйкес интернат ата-аналарымен ашық есік ұйымдастырып "Менің мамандығым тақырыбында ата - аналар өз кәсібін баяндау мақсатында сұхбат жүргізді.

    14.04.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі Ү. Байғараева "Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы" атты айлық жоспарға сәйкес интернат ата-аналарымен ашық есік ұйымдастырып "Менің мамандығым тақырыбында ата - аналар өз кәсібін баяндау мақсатында сұхбат жүргізді. Мақсаты:Ата-аналардың өз кәсібі туралы ақпарат алып,әр мамандықтың өз ерекешелігі, өз қиыншылығы мен қызығы бар екенін түсіндіру.

    https://www.facebook.com/share/p/15mdhRZCs8/

    ”Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы “ атты айлық жоспары аясында “Мамандықтар әлеміне саяхат”

    15.04.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде”Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы “ атты айлық жоспары аясында “Мамандықтар әлеміне саяхат” тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен бейнеролик түсірілді.
    Бейнероликте оқушылар болашақта кім болғысы келетіндері туралы өз ойларымен бөлісті.
    Мақсаты: Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып,мамандықтың маңыздылығын түсіндіру.

    https://www.facebook.com/share/p/15zNBBTz1i/

    “Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы” атты бекітілген айлық жоспарына сәйкес “Ата-анамның жұмыс орнына бір күн саяхат”

    18.04.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде “Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы” атты бекітілген айлық жоспарына сәйкес “Ата-анамның жұмыс орнына бір күн саяхат” тақырыбында бейнеролик түсірілді.
    Аталған іс-шара барысында оқушы ата-анасының жұмыс орнымен танысып,жұмыс процесін бақылап,жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен болашағы жайлы мазмұнды ақпараттар алды.
    Мақсаты:Оқушылардың ата-аналарының кәсіби қызыметімен таныстыру арқылы жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру,еңбекке баулу және болашақта мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға бағыт бағдар беру.

    https://www.facebook.com/share/p/18fUQ5yDYK/

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы «Балалар кітапханасы» аясында «Мамандықтар баспалдағы » тақырыбында іс шара өтті

    18.04.2025
    Оқушылар мен жастарға әр түрлі мамандықтар туралы толық мағұлмат беру,болашақ мамандарды саналы түрде таңдауға көмектесу.Әр мамандықтың мазмұны,талаптары, артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіру.Оқушылардың қабілеттерімен қызығушылығына сай бағыт беру.Болашақ мамандықты саналы түрде,жауапкершілікпен таңдауға тәрбилеу.Сұранысқа ие мамандықтар,болашақта қажет болатын салалар туралы ақпарат беру.Өз болашағын жоспарлауға көмектесу.
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы «Балалар кітапханасы» аясында «Мамандықтар баспалдағы » тақырыбында іс шара өтті.Іс шараға мектебіміздің 5-сынып оқушылары қатысты. Іс шарада мамандықтар баспалдағы туралы пікір ойларын айтып жасырын жұмбақ түрінде мамандықтарды жасырып айттық.Оқушылар өздерінің болашақта қандай маман иесі болатынын суретке салды.Өздерінің ұшқыр ойларымен қияалдарымен суреттей алды.

    https://www.facebook.com/share/v/19MnQSxnSs/

    "Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы"атты айлығының жоспарына сәйкес 9-10 сынып оқушылары мен "Адал ұрпақ"

    22.04.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде "Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы"атты айлығының жоспарына сәйкес 9-10 сынып оқушылары мен "Адал ұрпақ"мүшелері арасында"Мамандық таңдау- жарқын болашақтың кепілі!" челленджі ұйымдастырылып,бір-бірлеріне жолданды.
    Мақсаты: Мектептен ұшқалы отырған түлектерімізге мамандық таңдауда дұрыс жол көрсетіп, мамандықтар туралы мағұлмат бере отырып, жастарымызды ел болашағы ретінде сапалы мамандық иелері атануларына үлес қосу.
    #жұмысшымамандықтаржылы#

    https://www.facebook.com/share/p/1Gv5CC5YPJ/

    “Жұмысшы мамандықтар жылы және болашығы” атты айлық жоспарына сәйкес Шу қаласында орналасқан 10 колледжімен ашық есік ұйымдастырды.

    23.04.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру маманы К.Курамаева “Жұмысшы мамандықтар жылы және болашығы” атты айлық жоспарына сәйкес Шу қаласында орналасқан 10 колледжімен ашық есік ұйымдастырды.
    Іс-шара барысында жұмысшы мамандықтарының қазіргі еңбек нарығындағы орны,болашағы және жастарға берер мүмкіндігі кеңінен талқыланды.
    Кездесу барысында колледж мамандары білім беру бағдарламасы туралы айтып,талапкерлерге арналған оқу шарттарын,өндірістік тәжірбие мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен таныстырды.
    Мақсаты: Оқушы мен жастар арасында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру,оларды кәсіби бағдарлау.

    https://www.facebook.com/share/p/16b2a6nHH6/

    “Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы “ атты айлық жоспары аясында кәсіптік бағдар беру маманы: К.Курамаева мектебіміздің 8-9 сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан “Жол пайдалану басқармасы-37”

    24.04.2025
    Шу ауданы білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің “Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы “ атты айлық жоспары аясында кәсіптік бағдар беру маманы: К.Курамаева мектебіміздің 8-9 сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан “Жол пайдалану басқармасы-37” мекемесіне ашық есік ұйымдастырды.
    Іс-шара барысында оқушылар кәсіпорынның жұмыс процесімен танысты.Сонымен қатар : жол шебері,жетекші маман,механик,механизатор,машина жүргізушілер,электродәнекерлеуші,автомеханик сияқты мамандық түрлерімен таныса отырып,жұмысшы мамандықтарының сұранысқа ие және тұрақта табыс көзі болатыны тілге тиек болды.
    Мақсаты:Оқушылардың болашақта мамандықтарын саналы түрде таңдауға ықпал етіп,жұмысшы кәсібінің қоғамдағы беделін арттыруға бағытталады.
    #Жұмысшымамандықтаржылыменболшағы#

    https://www.facebook.com/share/p/1W6DneR21X/

    “Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы” айлық жоспары аясында”Жұмысшы мамандық иесі”

    24.04.2025
    Шу ауданы білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде “Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы” айлық жоспары аясында”Жұмысшы мамандық иесі” тақырыбында Шу қаласында орналасқан Ақ жол -2000” ЖШС автопаркіне мектебіміздің 8-10 сынып оқушыларымен ашық есік күні ұйымдастырылды.
    Шара барысында оқушылар көлік құралдарының техникалық жағдайымен ,қызымет көрсету және қауіпсіздік талаптары жөнінде ақпараттар ала отырып,автоэлектрик,токарь,моторист,автослесарь,жүргізуші,сияқты мамандық түрлерімен танысты.
    Сонымен қатар,автопарк қызметкерлері автокөлікпен жұмыс істеудің артықшылығымен мансап жолдары туралы тәжірбиелерімен бөлісті.
    Мақсаты: Оқушыларға әр мамандықтың өз ерекшіліктері мен артықшылықтары бар екендігін түсіндіре отырып,мамандық таңдауда бағыт бағдар беру,мамандықтардың алуан мүмкіншіліктерін көрсету.

    Жұмысшылар жылы мен болашағы” атты бекітілген айлық жоспар негізінде “Егерде мен ұшқыш болсам!”

    25.04.2025
    Шу ауданы білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің”Жұмысшылар жылы мен болашағы” атты бекітілген айлық жоспар негізінде “Егерде мен ұшқыш болсам!”тақырыбында 5”А”, 5”Ә”,5”Б”сынып жетекшілері: Баетова М, Маткалықова М,Бейсенова М оқушылармен дөңгелек үстел ұйымдастырды.
    Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қиялын еркін жеткізе білуге, ұшқыш мамандығы туралы алғашқы түсініктер беру,болашақ армандарына жетулеріне нақты жағдай жасау,бағыт бағдар беру.

    https://www.facebook.com/asmakarenkoatyndagyortamektebi/posts/pfbid023da9z1ixGsExFyYsHhQVnkCwULbVXKDfPnCzRrtPrq6KZXdGq5jM2nF3RmzCMS5Bl

    “ Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы “ атты айлық жоспарының негізінде “Менің мамандығым-өмірге жолдамам”

    25.04.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде “ Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы “ атты айлық жоспарының негізінде “Менің мамандығым-өмірге жолдамам” тақырыбында 8-10 сынып аралығында тәрбие сағаттары өткізілді.
    Мақсаты: Оқушылардың қасиеттері мен қабілеттерін ескере отырып,болашақ мамандыққа көзқарастарын қалыптастыру,болашаққа мақсат қою және сол мақатқа жету жолдарын қалыптастыру.

    https://www.facebook.com/share/p/14DNTpDAieF/

    “Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы” тақырыбында бекітілген жоспарға сәйкес”Біздің түлектер қайда?”

    25.04.2025
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде“Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы” тақырыбында бекітілген жоспарға сәйкес”Біздің түлектер қайда?” тақырыбында түлектердің жетістіктері мен қазіргі кездегі қызмет орындары туралы жазба:
    Біздің түлектеріміздің әртүрлі салаларда жемісті,табысты еңбек етіп жүргендерімен мақтанамыз!
    #Жұмысшымамандықтар#

    https://www.facebook.com/share/p/16QqBKiPNs/

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия