А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде балаларды зорлық -зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен саламаттылығын ,қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 10-тармағына және кәмелетке жасы толмағандарды діни экстремизм мен терроризм идеологиясына тартудың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 9 желтоқсан күні 7-11 сынып оқушыларының діни сауаттылығын арттыру, дін туралы түсінігін кеңейту, діни ағымдардан сақтану туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «ДПЗО»“Дін проблемаларын зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманымен «Аналитикалық интернет карта» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында оқушылар тарапынан Н.Бахтияр "Аналитикалық интернет карта" (АИК) бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған әлеуметтік желілердегі (ВКонтакте) деструктивті діни ағым идеяларын таратушы топтар туралы түсініктеме беріп , тақырып аясында бейнематериал сілтемесімен бөлісті. https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710857245140327/files/%D2%9A%D0%B0%D1%83%D1%96%D0%BF%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%BA/250428-180933.png?_t=174584217423.12.2024ж.