Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    «А.С.Макаренко атындағы орта мектебі» КММ   мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Мыктыбекова  2023-2024 оқу жылында аттестациядан өтетін  педагогтерді аттестаттау Ережесінің жаңа өзгерістерімен таныстыру мақсатында 2024 жылдың 8-ші сәуір күні түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Жаңа Ереженің мақсаты: педагогтердің үздіксіз дамуын қамтамасыз ету. Жаңа Ереже бойынша педагог жайлы барлық мәлімет Ұлттық платформада жинақталады. Әрбір пән мұғаліміне жеке кабинет берілді. Платформаға ұстаз туралы мәліметтер «Дарын» қосымша білім беру орталығынан, НОБД базасынан, «Өрлеу»біліктілікті арттыру базасынан, «Талдау» аналитикалық орталығынан, МОДО, ПИЗА, ТИМСС, ПИРЛС-қа қатысу бойынша жетістігі, олимпиада, ғылыми жоба, кәсіби байқауларға қатысу, т.б мәліметтер жинақталады.  Педагогтер 5 жылда 1 рет, білім беру ұйымдары басшылары үшін 3 жылда 1 рет, басшы орынбасарлары үшін 3 жылда 1 рет аттестациядан өтеді.  Жаңа Ережедегі ерекшеліктер:  Бірінші басшының бұйрығымен біліктілік санаттары беріледі:  1.Білім беру ұйымдарында: «педагог -тағылымдамашы», «педагог», «педагог - модератор» біліктілік санаттары  2.Аудандық білім бөлімінде: «педагог -сарапшы», «басшы-ұйымдастырушы», «басшы -менеджер», «үшінші біліктілік санатты басшы орынбасары» біліктілік санаттары  Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды: 

    Педагогтер үшін: 

    1.  ПББ тапсырудан босатылады:

    Педагогтер: 

    1.  2. «педагог -зерттеуші», «педагог -шебер»біліктілік санатын беру;  3.педагогикалық өтілі 30 және одан да көп жыл.  Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы шешімді Комиссия қабылдайды.Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1)өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді; 2) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді немесе қолданыстағы біліктілік санатынан төмен санатқа сәйкес келеді).  «Өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді»шешімін қабылдаған кезде педагогке ПББ және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау нәтижелеріне сәйкес біліктілік санаты беріледі.  

     

     

     

     

     

    Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде бірар 2 жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда ұзартылады:  1)денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындаларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;  2)жүктілігі және босануы бойынша демалыстан немесе бала күтімі бойынша демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін;  Жасы бойынша зейнеткерлікке дейін 5 жылдан аспайтын педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Біліктілік санаты педагогтың өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. 


    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрі 2024 жылғы«02»сәуір №72бұйрығына № 1 қосымша

    . Аттестаттауды өткізу тәртібі

      Аттестаттауға жіберу үшін білім беру ұйымы педагогтердің, әдіскерлердің,білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылардың, басшы орынбасарларының біліктілік бағалауын портфолионы қарау арқылы жүргізеді.

      Педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылары, басшы орынбасарлары электрондық форматта ПББ-дан өтеді.

      . ПББ мынадай тапсырмалардан тұрады:

      1) мектепке дейінгі  ұйымдар мен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптары педагогтері үшін:

      «Мектепке дейінгі педагогика және психология» – жиырма тапсырма;

      «Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма; 2) бастауыш білім беру педагогтері үшін: «Пәндік білім» - отыз тапсырма;

      «Оқыту әдістемесі» - жиырма тапсырма;

      3) негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

      «Пәндік білім» - отыз тапсырма;

      «Оқыту әдістемесі» - жиырма тапсырма;

      4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

      «Педагогика негіздері» - отыз тапсырма;

      «Психология негіздері» - жиырма тапсырма;

    интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, әлеуметтік педагогтері, кәсіби бағдар берушілері, тәлімгерлері үшін:

    «Педагогика негіздері» - отыз тапсырма; «Психология негіздері» - жиырма тапсырма;

      . ПББ нәтижесі шекті деңгейге жеткен кезде оң деп саналады:

      1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін:

      «педагог» біліктілік санаты - 50%;

      «педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;

      «педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%; «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80%; «педагог-шебер» біліктілік санаты - 90%.

    Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау ұзақтығы:

      Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау ұзақтығы:

      педагогтер үшін – сексен минут, «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – жүз жиырма бес минут;

      білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – тоқсан минут;

    ПББ:

    педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде; мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін;

    ПББ жүргізу кезінде:

      тестілеу   техникасы мен қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;

      ПББ өтуіне байланысты тестілеу жүйесіне бұзушылық әрекет жасап, араласуға;

      дәліз бойынша кезекші қызметін атқаратын адамның рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) шығуға;

      педагогтердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) 10 (он) минуттан аспайтын және 2 (екі) реттен артық шықпауға, бұл ретте тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға;

      жанындағы адаммен сөйлесуға, бір орыннан екінші орынға ауысуға;

      жұмыс үшін берілген құжаттар мен А4 қағаздармен алмасуға;

      аудиторияға (компьютерлік кабинетке) келесі тыйым салынған заттарды:

    мобильді байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер алып кіруге болмайды

      ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш беруге құқылы. ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға педагогтің өтініші қабылданбайды.

      Апелляция мынадай жағдайларда:

      1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

      дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;

      дұрыс жауап болмағанда;

      бірден көп дұрыс жауап болғанда;

      тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда;

      2) тапсырмаларда фрагменттің немесе мәтіннің болмаған жағдайында техникалық себеп бойынша қаралады.

      Педагогтердің  ПББ нәтижесі ПББ тапсырған күннен бастап бір жылға жарамды болып саналады.

      23. ПББ-дан өткен педагогтердің  электрондық дерекқорын сақтау бес жыл ішінде қамтамасыз етіледі.

      24. ПББ өту кезінде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын, тестілеу орнын таңдайды. Тестілеуден бір күн бұрын педагогке тестілеу күні, уақыты, орны туралы хабарлама жіберіледі.

      1) білім беру ұйымдарында: «педагог-модератор»;

      2) ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органында: «педагог-сарапшы», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы»;

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органында:

      «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» (әдістемелік кабинеттердің

    (орталықтардың) әдіскерлері үшін, «бірінші санаттағы басшының орынбасары», «бірінші санаттағы басшы»;

      ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін: «педагог-сарапшы», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы»;

      4) білім беру саласындағы уәкілетті органның жанынан:

      «педагог-шебер»;

      ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер

    (орталықтар), салалық мемлекеттік органныңұйымдары үшін: «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «бірінші санаттағы басшының орынбасары»,

    «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы».

    Педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі

      Педагог қызметінің және жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау жүргізіледі.

      Материалдарға (портфолиоға) педагогтің эссесі қосылады. Эсседегі сөздердің саны 250-300 (екі жүз елу – үш жүз) сөзден құралу керек. Эссе тақырыптарын жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Материалдарды (портфолионы) дайындау кезінде академиялық адалдық қағидаты сақталады.

      46. Педагогтер қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізу үшін әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша жеке Сараптамалық кеңес құрылады.

    Бейіні бойынша 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардағы педагогтердің қызметінің нәтижелерін кешенді қорытындылау кезінде біліктілік санатын растауда ПББ-дан өту талап етілмейді.

    Бастауыш білім беру, негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

    Санаттар

    Блок

    П2н бойынша балдар

    Тесттен өту үшін %

    БТ өту үшін (балдар)

    Педагог

    Пәні

    30

    50%

    25

    Оқыту әдістемесі

    20

    Педагогмодератор

    Пәні

    30

    60%

    30

    Оқыту әдістемесі

    20

    Педагог-сарапшы

    Пәні

    30

    70%

    35

    Оқыту әдістемесі

    20

    Педагогзерттеуші

    Пәні

    30

    80%

    40

    Оқыту әдістемесі

    20

    Педагог-шебер

    Пәні

    30

    90%

    45

    Оқыту әдістемесі

    20

    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі

      1) өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлыққұжаттар сервисінен электрондыққұжат (сәйкестендіру үшін);

      3) білім туралы диплом;

      4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

      5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;

      6) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;

      7) ПББ өткендігі туралы сертификат;

      8) берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық ұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);

      9) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;
      10) білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар.

      11) Эссе (250–300 сөз)

     



     



    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия