"Мақсатты мектеп" аясында "Өрлеу" БАҰО. АҚ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдын 26 мен 30 наурыз аралығында ілгері деңгейдегі біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курсқа А.С.Макаренко атындығы орта мектебінің 41 негізгі пәндер мұғалімдері қатысты курс барысында замнауи педагогикалық тәсілдер, білім сапасы арттыру жолдары бағытында теориялық және тәжірибелік білім алды. Барлық пән мұғалімі курста педагогикалық үдерісті тиімді жоспарлау, оқыту стратегияларын жетілдіру және сабақтың құрылымын дұрыс ұйымдастыру бойынша білім алды. Әсіресе қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) жасаудын құрылмымен талаптары, оқу мақсаттарына сай тапсырмалар құрастыру, саралау мен бағалу тәсілдерін қолдану бағытында тәжірибе жинақтады. "Өрлеу" тарапынан курсқа қатысқан барлық педагогтарға сертификат берілді.