Мектеп мәзірі
2024 жылғы 2-27 желтоқсан аралығында математика, физика және информатика пәндері бойынша әдістемелік бірлестік айлығы жоспарға сәйкес жоғары деңгейде өткізілді. Айлықтың негізгі мақсаты — осы пәндерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын айқындау және тиімді әдістемелерді енгізу болды.
Айлық барысында:
Ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар мен пәндік үйірмелер сәтті өткізілді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
Семинарлар, коучингтер мен шеберлік сыныптары арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі шыңдалып, заманауи технологияларды қолдану тәжірибесі кеңейді.
5-11 сыныптарда бақылау жұмыстары мен тестілеулер алынып, білім сапасының мониторингі жүргізілді.
Дарынды оқушылармен және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс деңгейі зерделеніп, тиісті ұсыныстар берілді.
Мұғалімдердің теориялық білім деңгейі, портфолиолары және кәсіби дамуы бағаланды.
Ғылыми қоғам мен үйірмелер жұмысының тиімділігіне талдау жасалып, оқушылар мен ата-аналардың пікірі ескерілді.
Жалпы, айлықтың нәтижесінде пәндер бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тиімді жұмыс моделі ұсынылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.