Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Аудан көлемінде өткен семинар аясында математикалық сауаттылықты дамыту бағытындағы жұмыстар кеңінен талқыланып, тәжірибе алмасу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

    Семинар қатысушыларды тіркеуден басталып, мектеп директоры Тунгатаров А. кіріспе сөз сөйлеп, іс-шараны ашты. Одан кейін қатысушылар үшін психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында қысқаша психологиялық тренинг өтті.

    Семинар барысында пән мұғалімдерінің шығармашылық көрмесі қойылып, көрмеде оқушылардың және мұғалімдердің үздік жұмыстары таныстырылды.

    Джолымбекова А.С. "Математикалық сауаттылық – заман талабы" атты мазмұнды баяндамасында халықаралық PISA және TIMSS талаптарына сай оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелеріне тоқталды.

    Тәжірибелік бөлімде бірқатар ашық сабақтар өткізілді:

    • Тлеубердиева К.А. – "PISA және TIMSS талаптары бойынша функционалдық сауаттылық сабақта" атты ашық сабағын көрсетті;

    • Кәсілін А.Б. – "Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту әдістері" тақырыбында сабақ өткізді;

    • Ертаева Ж.Ж. – "Цифрлық құралдарды пайдалану арқылы математиканы оқыту" сабағында жаңа технологиялардың тиімділігін көрсетті.

    Сыныптан тыс жұмыстар аясында пән мұғалімдері ұйымдастырған "Ұлттық ойындар арқылы математикалық сауаттылықты дамыту" және "Математикалық ойындар" атты көңілді үзілістер семинарға ерекше серпін берді.

    Семинар аясында Раканова Г.К. мен Алпысбаева А.А. өткізген коучинг-сессияда заманауи оқыту технологиялары арқылы оқушылардың уәжін арттыру жолдары талқыланды.

    Іс-шара концерттік бағдарлама және Тунгатаров А.-ның қорытынды сөзімен аяқталды. Қатысушылар семинар барысында алған жаңа тәжірибе мен әдіс-тәсілдерді өз жұмыстарында қолданатындықтарын атап өтті. Семинар жалпы жоғары деңгейде өтті және қатысушылар тарапынан оң бағаланды.

    27.02.2025ж

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия