Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде “Қош келдің, Жаңа жыл!” тақырыбында жаңа жылдық шыршаға 5-7 сынып оқушылары жұмылдырылды. Мектеп директоры Тунгатаров Асхат Асанбекұлы оқушыларды мерекелік шыршамен құттықтап, балаларға ізгі тілегін білдірді. Мереке барысында оқушылар жаңа жылға арналған өлең шуақтарын айтып, көріністер қойылып, көңілді флешмоб билеп, ән де шырқалды. Жаңа жылдық кештің әсерлі өтуіне ертегі кейіпкерлері ат салысты. Ертегі кейіпкерлерін 8-10 сынып оқушылары мен Жас мамандар сомдады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды.