Шу ауданы білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде “Жұмысшы мамандықтар жылы мен болашағы” айлық жоспары аясында”Жұмысшы мамандық иесі” тақырыбында Шу қаласында орналасқан Ақ жол -2000” ЖШС автопаркіне мектебіміздің 8-10 сынып оқушыларымен ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар көлік құралдарының техникалық жағдайымен ,қызымет көрсету және қауіпсіздік талаптары жөнінде ақпараттар ала отырып,автоэлектрик,токарь,моторист,автослесарь,жүргізуші,сияқты мамандық түрлерімен танысты.
Сонымен қатар,автопарк қызметкерлері автокөлікпен жұмыс істеудің артықшылығымен мансап жолдары туралы тәжірбиелерімен бөлісті.
Мақсаты: Оқушыларға әр мамандықтың өз ерекшіліктері мен артықшылықтары бар екендігін түсіндіре отырып,мамандық таңдауда бағыт бағдар беру,мамандықтардың алуан мүмкіншіліктерін көрсету.