Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде біртұтас тәрбие "Еңбегі адал - жас өрен" жобасы аясында мектебіміздің 9 сынып оқушылары қобыз жасаушы кәсіпкер Қазақбаев Қанат Дотаұлымен кездесті. Кездесу барысында қолөнер шебері өз шеберханасында қобыздың табиғи заттардан, соның ішінде аттың қылы, ешкінің терісінен, сол өлкеде өсетін әр түрлі ағаш түрлерінен жасалатынын түсіндірді. Шебердің қолынан шыққан қобыздарды еліміздің арнаулы музыкалық оқу орындары: Ұлттық консерватория, өнер университеті мен музыкалық арнайы мектептерінің ұстаздары мен студенттері, жеке музыканттар мен этнографиялық ансамбльдер және оркестр мамандары тапсырыспен жасататыны туралы сөзге тиек етті.
Мақсаты: Жастардың еңбекке және еңбек адамдарына, еңбек жетістіктеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Мамандықты мақсатты таңдауға бағыт - бағдар беру.