Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру маманы К.Курамаеваның ұйымдастыруымен 9"А",9"Ә",9"Б" сынып оқушыларымен Шу қаласындағы орналасқан "ҚТЖ" ҰҚ" филиалына Шу мамандандырылған жол дистанция мекемесіне экскурсияға барды. Экскурсия барысында өндірістік оқыту шеберінің маманы Серіков Мади оқушыларға Австриялық, Франциялық,Россиялық жол жөндеу машиналарының түрімен таныстырып, техникалық қауіпсіздік ережелерінде айтып өтті.