Мектеп мәзірі
А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша 2024-2025 оқу жылының бірінші жарты жылдығында отбасымен жұмысты күшейту мақсатында 10 топтағы отбасымен төмендегідей жұмыстар жүргізілді. Тәуекел топта тұрған Рүстембеков А. отбасында екі бала . Аталған мектепте 8 сыныпта Қырықбай айдын оқиды. Отбасы толық емес. Қырықбайдың анасы тастап кеткен ,әкесінің тәрбиесінде. Әкесі ішімдік ішпейді, зиянды заттарды пайдаланбайды, бірақ тұрмысы өте төмен . Сауда орталығында арба сүйрейді,табыскөзі тұрақты емес. Аталған ата-анамен «Бала тәрбиесі » , «Баланың және үйдің тазалығы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Кырықбай Айдын «Алқа» кеңесінің шешімімен бір мезгіл ыстық тамаққа қосылған, бірақ қараша айында әкесі малды ауылды жерге жұмыс істеуіне байланысты мектеп жанындағы интернатқа орналастырылды. Әкесі Рүстембеков Айтбаймен мектеп әкімшілігі тығыз қарым -қатынаста. Аталған оқушыға директордың құқықтық тәрбие орынбасары мен мектеп психологі , алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі қыстық аяқ киім алып берді. Қолдау көрсетіліп отырады. Кеңсе тауарлары мен жеке гигиеналық заттар алынып берілді. Жаңа жыл мерекесіне орай да тәтті сыйлықтар берілді.
8 сыныптың оқушысы Қозан Бегнардың отбасы толық емес. Анасы Г.Тойшыкованың тәрбиесінде. Бегнар мектеп жанындағы интернатта жатып оқиды. Анасының жеке үйі жоқ, тұрғылықты жерін жиі ауыстырады. Анасы Г.Тойшыкова ішімдік пайдаланған кездері байқалғандықтан және тұрмысы өте төмен болғандықтан тәуекел топқа жатқызылды. Бегнар жіті қадағалауда .Анасы жұма күндері интернаттан алып кетіп отырады. Алып кету уақытында ішімдік пайдаланғаны немесе пайдаланбағаны қадағаланып отырады. Анасымен «Бала тәрбиесі» ,«Бала алдындағы ата-ана міндеті», «Бала қауіпсіздігі » тақырыптарында жеке әңгіме жүргізіліп отырады.Психологиялық тренингтер жүргіліліп отырады. Жаңа жыл мерекесіне орай да тәтті сыйлықтар берілді. Ата-ана мен оқушы жеке қадағалауда.