Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Р.Исмаилова 5-11 сынып оқушыларына «Вандализм» сөзін қалай түсінетіндерін оқушылардан сұрап,  «Вандализ- мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі есептелетінін түсіндіріп, оқушылардың жауабын толықтырып өтті.  

          Оқушыларғак вандализм жасағаны үшін  қандай жауапкершілікке де тартылатынын түсіндірді. Атап айтатын болсам, 1) ҚР ҚІЖК 294-бабына сәйкес, вандализм, яғни тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекет қорғайтын табиғи объектілерді, жазбаларды немесе суреттерді не қоғамдық моральды бұзатын өзге де іс-әрекеттерді бүлдіру , -200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 160 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Жазаның тағы бір түрі – 50 тәулікке қамауға алу. Сондай-ақ «әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша, пайдакүнемдiк ниетпен бiрнеше рет жасалған» бұзақылық үшін 200 мың АЕК-ке дейін айыппұл қарасырылған. Қоғамдық жұмысқа 300 сағат беріледі, ал қатаң жаза ретінде 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

    2) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 448-бабына сәйкес вандализм, яғни тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекет қорғайтын табиғи объектілерді, жазуларды немесе суреттерді, не он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандар жасаған қоғамдық моральды бұзатын өзге де іс-әрекеттерді бұзатын вандализм ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

          Іс-шара соңында ұйымдастырушы оқушыларға мектептің мүлкін бүлдірмей, мүлікті қорғап , жауапкершілікпен қарап,қоғамдық ортада ұстанатын әдепті сақтауға шақырды.

    11.11.2024ж.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия